Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандық музыкант Дархан Жүнісбеков қайтыс болды

Қазақстандық музыкант Дархан Жүнісбеков қайтыс болды

Алматы. 24 ақпан. 7kun.kz – Darkhan Juzz лақап атымен танымал қазақстандық музыкант Дархан Жүнісбеков дүниеден өтті, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Қаралы хабар естігенде төбемізден жай түскендей болдық. Дархан қазіргі заманғы қазақ музыкасының жарқын өкілі еді. Жарқырап жанып келе жатқан жұлдыздың мезгілсіз ағып түскені қабырғамызды қайыстырды», – деп жазды ҚР мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин.

Музыкант 32 жаста болған.

«Қазақ музыкасын дамытуға үлкен үлес қосатын азамат болатын. Амал нешік, ажал оны арамыздан ерте алып кетті. Алдың жарық, топырағың торқа болсын, Дархан! Сенің жарқын бейнең өнеріңді қадірлейтін жұрттың жүрегінде мәңгі сақталады!», – деп жазды Қарин.

Сыртқы істер министрлігі қайғылы оқиғаның мән-жайын баяндады.

«Таиланд полициясының мәліметіне сәйкес, 24 ақпанда Пхукет аралында Қазақстан азаматы Дархан Жүнісбеков қаза болды. Біздің азамат жол апатынан көз жұмды, ол жалдамалы мопедпен жүрген», - делінген министрлік хабарламасында.

Похожие материалы