Алматы. 1 тамыз. 7kun.kz - Typi - мобильді мессенджерін екі жыл бойы қазақстандық сегіз маман жасаған, деп хабарлайды The-Tech.kz.
Мессенджердің бета нұсқасы 2018 жылдың қараша айында App Store мен Google Play-де іске қосылды. Алдымен ол 19 елді, кейін тағы 129 елді қамтыды.
Еске сала кетейік, Қазақстандық Автоматтандыру және робототехника қауымдастығы 2018 жылдың тамыз айында жергілікті мамандардың Typi мессенджерін («Тайпей») іске қосқанын хабарлаған. Мессенджерлердің стандартты функцияларынан басқа, оның ерекше белгілері бар: "Калифорния" деп аталатын нақты уақыт режимінде пайдаланушылардың 20 интерактивті статусын көруге мүмкіндік береді.
Шілде айының соңында Typi-ді жүктеген қолданушылардың саны 1 миллионға жетті.