
Алматы. 14 маусым. 7kun.kz – 2018 жылы жанармай құю станцияларында бөлшек сату көлемі 1,1 триллион теңгені құрады.
Оның ішінде мотор бензині 721,3 млрд теңгеге (65,2%), дизель отыны – 307,8 млрд теңгеге (27,8%), пропан мен бутан – 78,1 млрд теңгеге (7%) сатылды.
Статистика комитетінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 2018 жылы 5,7 мың жанармай құю және газ құю станциялары болды. Олардың саны өткен жылмен салыстырғанда 7,6%-ға өсті.
Оның ішінде 3,9 мыңға жуық жанармай құю станциялары, 1,8 мың газ құю станциялары және 12 газ толтыру станциялары жұмыс істеді.