Алматы. 13 желтоқсан. 7kun.kz – 2018 жылдың 11 айында бөлшек сауда айналымы 8,8 трлн теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,4% - ға артық.
Жалпы сауда көрсеткішіндегі азық-түлік тауарларының үлесі 32,3%-ды (шамамен 2,8 трлн теңге), азық-түлік емес тауарлардың үлесі 67,7%-ды (шамамен 6 трлн теңге) көрсетті.
Сонымен қатар, өнімдерді сату 5,5% – ға азайды, ал азық-түлік емес тауарларды сату-13,4% - ға өсті.
11 ай ішінде ірі сауда кәсіпорындарының бөлшек саудадағы үлесі 57,7% , ал жеке кәсіпкерлер мен қалалық базарлардың үлесі – 42,3% құрады.
Ал 2018 жылдың басынан бері Республиканың көтерме саудасы 19,7 трлн теңгеден асты. Жылдық өсім 8,3%-ға тең болды.