Қазақстандықтар банк қосымшалары арқылы цифрлық құжаттарына қол жеткізе алады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Цифрлық даму министрлігі мәліметінше, банктердің қосымшалары арқылы 18 құжат қолжетімді болады. Олар:
- жеке куәлік;
- жүргізуші куәлігі;
- туу туралы куәлік;
- неке туралы куәлік;
- тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы куәлік;
- некені бұзу туралы куәлік;
- техникалық паспорт;
- COVID-19 ПТР тестінің нәтижесі;
- студенттік билет;
- диплом;
- зейнеткер куәлігі;
- қандас куәлігі;
- көлік құралының тіркеу куәлігі;
- әлеуметтік ID;
- вакцинация паспорты;
- көп балалы отбасына жәрдемақы алушы;
- мүгедектік туралы анықтама,;
- таулы әлеуметтік көмек алушының анықтамасы;
Банк қызметінде көрсетілетін барлық ақпаратты деректер базасынан азаматтардың өздері алатын болады.
Ведомствоның мәліметінше, жаңа қызмет түрлері жақын арада Halyk bank және Kaspi.kz қосымшаларында іске қосылады. Ал өзге қызығушылық танытқан банктер «Цифрлық құжаттарға» жыл соңына дейін қол жеткізе алады.
«Ақпараттық жүйелерді интеграциялау «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін біріктіру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады және Smart Bridge веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Банктердің техникалық дайындығына қарай және көрсетілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес, министрлік олардың ұсыныстарын қарауға дайын», - деді министрлікте.
Ал ондағы қауіпсіздікке жайлы, ведомство жеке деректерді жинау және өңдеу субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімімен ғана жүзеге асырылатынын және таратылатынын еске салды.
Аталған жобадан басқа, қазірдің өзінде банк қосымшаларында бірқатар мемлекеттік қызметтер қолжетімді. Оның ішінде жеке кәсіпкерлерді тіркеу, автокөлікті қайта тіркеу және т.б.