Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтар банктерге қанша теңге қарыз

Қазақстандықтар банктерге қанша теңге қарыз

Алматы. 24 сәуір. 7kun.kz – Қазақстан банктері жеке тұлғаларға 2019 жылдың ақпан айында 360 млрд теңге несие берді. Бұл өткен айдағы көрсеткіштен 4%-ға, ал 2018 жылдың ақпанымен салыстырғанда 31,3%-ға артық. Мұндай деректерді Finprom.kz ұсынды.

Азаматтарға берген несиелердің басым бөлігін тұтыну несиелері құрайды: 275,9 млрд теңге, өсім бір айда — 2,3%-ға, бір жылда — 20,3%-ға артты. 2019 жылдың ақпан айында ипотекалық кредиттердің көлемі 48,2 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен аймен салыстырғанда 90,4%-ға көп. Ал 2018 жылдың ақпанына қарағанда 11,6%-ға артық.

Жалпы, 2018 жылы ҚР ЕДБ берген бөлшек несиелердің көлемі 4,4 трлн теңгені құрады, бұл 2017 жылдың қаңтар–желтоқсанына қарағанда 28,7%-ға артық. Оның ішінде тұтынушылық мақсаттарға — 3,5 трлн теңге (+23,3%), ипотекалық кредиттер — 525 млрд теңге (+47,1%) берілді.

2019 жылғы ақпан айының соңында ҚР ЕДБ бөлшек қарыздарының қоржыны 5,4 трлн теңгені құрады, бір жыл ішінде 18%-ға өсті.

Оның ішінде тұтынушылық қарыздар 3,3 трлн теңгені құрады (бір жылда+13,5%, жеке тұлғалардың несиелерінің үлесі 65% - дан 62,5%-ға дейін азайды). Ипотекалық несиелер бір жыл ішінде 22,5%-ға, 1,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды, үлес 24,1%-дан 25%-ға дейін өсті.

Сондай-ақ, 2019 жылғы ақпан айының соңында барлық қаржы институттары (ЕДБ, МҚҰ, PDL және басқалары) алдындағы жеке тұлғалардың несиелері бойынша жиынтық несиелік берешек 6,1 трлн теңге болды. Бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңінен 15,1%-ға артық. Бөлшек несиелер бойынша келісім-шарттар саны 23,1%-ға, 11,9 миллионға дейін өсті.

Бір бөлшек кредиттің орташа мөлшері бір жыл ішінде 546 мыңнан 511 мың теңгеге дейін қысқарды. Бұл ретте бір қарыз алушыға несиенің орташа мөлшері ұлғайды: 866 мыңнан 899 мың теңгеге дейін. Бір қарыз алушыға кредиттік жүктеме өсті, яғни несие санының қарыз алушылар санына қатынасы 1,6-дан 1,8-ге дейін өсті.

Қаржы институттарының халыққа берген кредиттердің үштен екісі тұтынушылық мақсаттарға, екінші және үшінші орында — ипотекалық қарыздар (25,2%) мен автокредитке (6,8%) бөлінді. Бөлшек несиелердің барлық көлемінің 1,1%-ы несие карталарына тиесілі.

Похожие материалы