
Алматы. 4 шілде. 7kun.kz – Ұлттық банк Үкіметпен бірге халықтың белгілі бір тобына кредиттерді есептен шығару жөніндегі жұмысты 15 шілдеге дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін Сенатта еліміздің бас банкінің төрағасы Ерболат Досаев мәлім етті.
«443 мың адамға (қарыздарды есептен шығаруға өтініш берген адамдар саны) сәйкес, бүгін біз бұл жұмыстарды аяқтаймыз. 9 шілдеде біз толық көлемде файлдарды жүктеу уақытын қойдық және 15 шілдеге дейін біз толық салыстыру жұмысын аяқтаймыз. Сондықтан, аймақтық бөліністерге қатысты тізімдер, банк және МҚҰ 15-шілде күні дайын болады », - деді ол.
Сонымен қатар, ол бұл жұмыс қарыз алушылардың тікелей қатысуын көздемейтіндігін атап өтті.
«Біз адамдарды құжаттарға қол қоюға шақырмаймыз. Арнайы салыстырып тексеру пункті жасалады, бұдан кейін проблемалық кредиттер қоры ЕДБ-мен және ХҚҰ-мен шарт жасайды және тізімдер бойынша аударамыз, ал мемлекеттік кредиттік бюро осы 300 мың теңге кімге жеткізілетіні туралы қажетті хабарлама алуы үшін қадағалайды. 15 шілдеге дейін Ұлттық Банк Үкіметпен өз жұмысын аяқтайды, содан кейін біз Еңбек министрлігімен бірге осы ақпарат қалай жеткізілетін болады деген форматты қарауға дайынбыз», - деп түсіндірді Ұлттық банк басшысы.