Қазақстанға іссапармен келген Зимбабве президенті туралы не білеміз?
21 января, 2019
Бүгін Астанаға ресми іссапармен келген Зимбабве президенті Эммерсон Дамбудзо Мнангагва 77 жаста.Президенттікке дейін ол елдің бірінші вице-президенті болған.2017 жылдың 14-нен 15 қарашаға қараған түні жасалған төңкеріс нәтижесінде алдымен президенттің міндетін атқарушы, кейін президент болды. Ал елді ұзақ жыл басқарған, сол тұстағы әлемдегі ең кәрі басқарушы президент Мугабе 21 қарашада өз еркімен президенттіктен бас тартты.Эммерсон Мнангагва 1960 жылдардан бері Мугабенің жақтасы саналады. Алайда 2017 жылы Мугабе екеуінің арасында жағдай ушығып, Мнангагва тамыз айында «уландым» деген желеумен ОАР-ға ұшып кетеді. 6 қарашада Мугабе оны вице-президенттіктен босатты. Бұдан кейін Мнангагва тағы да шетелге бас сауғалап кетуге мәжбүр болады.2017 жылдың 22 қарашасында елге оралып, билеуші партия оны президент ретінде мақұлдады.24 қарашада Ұлттық стадионда Президент ретінде ант берді. Ұлықтау рәсімінен кейін бұрынғы президент Мугабенің елдің әкесі ретінде қала беретінін айтып, 21 ақпандағы Мугабенің туған күнін Ұлттық мереке ретінде белгіледі. Эммерсон Мнангагва партизан соғысының белсенді қатысушысы, Zanu партиясының мүшесі. Танганьик, Египет, ҚХР-да әскери дайындықтан өткен.Лондон университетін, Замбия университетін бітірген. Қызметін адвокаттықтан бастап, кейін Парламент төрағасы, Қорғаныс, Әділет, Қаржы, Құрылыс және әлеуметтік сала министрі болған.Қазақстанға сапары алдында ол Ресей, Беларусь және Әзірбайжанға барды.Қазақстан мен Зимбабвенің дипломатиялық қарым-қатынасы 1992 жылы орнағанына қарамастан Қазақстанға бірінші рет келген Зимбабвиялық билік өкілі.БАҚ-ның жазуынша Эммерсон Мнангагва Қазақстанға әлемдегі ең қымбат ұшақпен келген. Boeing 787−8 Dreamliner эксклюзивті бизнес-джетінің құны 320 млн доллар.Жалға алу құны сағатына 74 мың доллар. 1 апталық құны 800 мың доллар.Алайда Эммерсон Мнангагва басқаратын Зимбабве әлемдегі ең кедей елдің бірі саналады. Мұндағы гиперинфляция жылына 230 млн долларға жеткен.БАҚ-ның жазуынша Мнангагва Ресей, Беларусь және Әзірбайжаннан кейін Қазақстанға инвестициялық қолдау іздеп келген.Бүгін оны Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қабылдады. Келіссөздерден кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берді. Зимбабве Президентінің айтуынша оның еліндегі жағдай Қазақстанның 1990 жылдардағы жағдайымен бірдей.