Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанға қай ел ең көп инвестиция құятыны анықталды

Қазақстанға қай ел ең көп инвестиция құятыны анықталды

Алматы. 21 маусым. 7kun.kz – Тәуелсіздік жылдары Қазақстан экономикасына 320 миллиард доллардан аса тікелей шетелдік инвестициялар тартылған. Бұл туралы бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев айтты.

2018 жылы өткен жылдармен салыстырғанда, инвестициялардың жалпы ағымы 15,8%-ға артып, 24,3 миллиард доллар болды.

2018 жылдың қорытындысы бойынша негізгі инвесторлар келесі елдер болып қалып отыр: Нидерланды - 7,3 миллиард доллар, АҚШ - 5,3 миллиард доллар, Швейцария - 2,5 миллиард доллар, Ресей - 1,5 миллиард доллар, Қытай - 1,5 миллиард доллар, Бельгия - 1,0 миллиард доллар, Франция - 0,9 миллиард долллар, Ұлыбритания - 0,6 миллиард доллар, Корея - 0,5 миллиард доллар.

Похожие материалы