Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры қанша салымшының қаражатын өтеді?

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры қанша салымшының қаражатын өтеді?

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры құрылғалы бері лицензиясынан айырылған қанша банктің қанша салымшысына қандай көлемде өтем төледі?  

Жауап: 1999 жылы құрылған Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (Қор) лицензиясынан айырылған банк салымшыларына кепілдік берілген өтем төлеуді ойдағыдай жүзеге асырып келеді.

Қор қазіргі уақытта барлық банк операцияларын жүргізу лицензиясынан айырылған екінші деңгейдегі 9 банктің салымшыларына өтем төлеуді жалғастыруда. Олар: «Валют-Транзит Банк» АҚ, «Қазинвестбанк» АҚ, «Delta Bank» АҚ, «Астана Банкі» АҚ, «Qazaq Banki» АҚ, «Эксимбанк Қазақстан» АҚ, «Tengri Bank» АҚ, «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ және «Capital Bank Kazakhstan» АҚ.

2021 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қордың арнайы резерві есебінен лицензиясынан айырылған барлық банктердің 150 мыңнан астам салымшысына 113,7 млрд астам теңгеге өтем төленді.

2021 жылдың 1 желтоқсанына қарай Қордың арнайы резервінде 682 млрд жуық теңге, ал Жарғылық капитал мөлшерінің 70%-ын қоса есептегенде (заң бойынша өтем төлеуге қолданылуы мүмкін), 847 млрд астам теңге бар.  

Арнайы резервтің деңгейі еліміз бойынша кепілдік берілген бүкіл депозиттер сомасының шамамен 7%-ын құрайды. Бұл «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы» ҚР Заңында көрсетілген мақсатты деңгейден (5%) жоғары.

Қордың арнайы резерві жеке тұлғалардың барлық депозиттері бойынша кепілдік берілген өтем төлеуге толығымен жеткілікті. Қазіргі уақытта Қор еліміздегі бүкіл банк секторының депозиттік базасындағы шоттардың 99,8%-ына толық көлемде кепілдік береді.

Похожие материалы