Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына жаңа төраға тағайындалды

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына жаңа төраға тағайындалды

Алматы. 8 тамыз. 7kun.kz – Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының төрағасы болып Әбдірахманов Нұрлан Алмасұлы тағайындалды, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

6 тамызда жалғыз акционерінің шешімімен (ҚР Ұлттық банкі) «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ төрағасы болып Әбдірахманов Нұрлан Алмасұлы тағайындалды, сондай-ақ ол «ҚДКБҚ» АҚ директорлар кеңесіне мүше болды.

Нұрлан Алмасұлы Әбдірахмановтың Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі жүйесінің әдіснамалық, бақылау және қаржылық нарықты қадағалау салаларында 20 жылдық кәсіби жұмыс тәжірбиесі бар.

«Әбдірахманов Нұрлан Алмасұлы Ұлттық банк жүйесінде 1998 жылдан бастап жұмыс істейді. Соңғы жылдары қаржы нарығының әдіснамасы департаментінде жетекшілік етті. Осы департаменттің құзыретіне кіретін көптеген сұрақтар, қалай болғанда да, Қазақстан депозиттерге кепілдік беру қорының қызметімен байланысты. Әбдірахманов Нұрлан Алмасұлының әдіснамалық жұмыста мол тәжірибесі бар; оның тәжірибесі депозиттер нарығын реттейтін салада, соның ішінде мерзімді нарықта, сондай-ақ корпоративтік таратушының функцияларын орындау үшін қордың бастамаларын дамытуда қажет болады. Мен қорда өзінің тапсырмалары мен бастамаларын тиімді түрде жалғастыруын тілеймін», - дейді ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Талғатұлы.

Айта кетсек,  «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 1999 жылы екінші деңгейдегі банктердің салымшыларының құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау үшін құрылған ұйым.

Банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда ҚДКБҚ депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердегі жеке тұлғалардың барлық банк шоттарындағы ақша қаражаттарына (соның ішінде – барлық салымдар түріне, төлем карталары мен ағымдағы шоттардағы ақшаға) кепілдік береді. Қазіргі уақытта депозиттерге кепілдік беру жүйесіне 30 банк кіреді.

Похожие материалы