Қазақстанның негізгі капиталына салынған инвестициялар 3,9 трлн теңгені құрады
Алматы. 21 маусым. 7kun.kz – Биылғы жылдың бес айының қорытындысы бойынша Қазақстанның негізгі капиталына салынған инвестициялар 3,9 триллион теңгені құрады — өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (3,5 трлн теңге) салыстырғанда 12%-ға артық, - деп хабарлайды Finprom.kz.
Өз кезегінде, мемлекеттік басқаруға, қорғанысқа және міндетті әлеуметтік қамсыздандыруға инвестициялар бір жыл ішінде 7,9%-ға төмендеп, 8,6 млрд теңгені құрады. Өткен жылдың осы кезеңінде аталған салаға инвестициялар 5,3%-ға, 9,3 млрд теңгеге дейін төмендеді.
Мемлекеттік басқаруға, қорғанысқа және міндетті әлеуметтік қамсыздандыруға инвестицияларды қаржыландырудың негізгі көзі жергілікті бюджет болып табылады: 7,6 млрд теңге, үлесі 88,8%-ды құрады. Бизнестің меншікті қаражаты мен республикалық бюджеттен бөлінген қаражат 760,1 млн және 204,7 млн теңгені құрады.
Өңірлік бөліністе мемлекеттік басқаруға, қорғанысқа және міндетті әлеуметтік қамсыздандыруға салынған инвестициялардың басым бөлігі Атырау облысына келеді: 2,6 млрд тг.
Нұр-Сұлтан қаласы салаға 2 млрд теңге инвестиция салды, өткен жылы бұл көрсеткіш 261,6 млн теңгені құрады.
Осы салаға инвестициялар бойынша көшбасшылардың үштігін Қарағанды облысы түйіндейді: 976,4 млн теңге, өткен жылдың ұқсас кезеңінде 111,7 млн теңге болды.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың қаңтар–сәуір айларында мемлекеттік бюджеттің қорғаныс шығындары 212,5 млрд теңгені құрап, жылына 9,2%-ға артты. Өткен жылдың төрт айында мемлекеттік бюджеттің қорғаныс шығындары жылына 35,6% өсіммен 194,6 млрд теңгеге жетті.