Алматы. 12 желтоқсан. 7kun.kz – Астана қаласында «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқау-көрмесінің жеңімпаздары марапатталды. Danone Berkut «Bio Баланс иммуно-complex» өнімімен «Үздік азық-түлік өнімдері» аталымында жеңімпаз атанды.
- Біздің өнімге қазақстандықтардың таңдау жасағанына қуаныштымын! Bio Баланс бұл - құрамында С, D3, биотин дәрумендері, сондай-ақ В — B6 и B9 тобы дәрумендері бар байытылған сүт өнімдері сериясы. Дәрумендер ағзада жақсы сіңуі үшін Bio Баланста пробиотиктер мен тірі лактобактериялардың көп мөлшері кездеседі. Осының арқасында Bio Баланс өнімдері заттардың қалыпты алмасуына ықпал етеді, ағзаның қорғаныс функцияларын арттырады және көңіл-күйді жақсартады, - деді Danon Berkut бас директоры Жиль БУРЛО.
«Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесі үш аталым бойынша өткізілді: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар» және «Үздік азық-түлік тауарлары». Іс-шараның мақсаты - отандық өндірушілердің қызметін жандандыру және шығарылатын өнім сапасын арттыру.
Биыл ең үздік тауар атағына ие болу құқығы үшін өңірлерде 1163 компания бәсекелескен. Бұл рекордтық көрсеткіш. Себебі, осы уақытқа дейін олардың саны 650-800 көлемінде ғана болды.
Айта кетейік, марапаттау рәсімі ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен Астанада өтті.