Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанның Даму Банкі алғаш рет ислам лизингі бойынша 1,1 млрд теңгеге келісімді қаржыландырды

Қазақстанның Даму Банкі алғаш рет ислам лизингі бойынша 1,1 млрд теңгеге келісімді қаржыландырды

Қазақстанның Даму банкінің еншілес компаниясы ислам лизингі шарттары бойынша алғашқы келісімді қаржыландырды, деп хабарлады банк баспасөз қызметі.

«Қазақстанның Даму банкі» еншілес ұйымы – «ҚДБ-Лизинг» АҚ («Бәйтерек» холдингінің құрылымына кіреді) «Исткомтранс» ЖШС теміржол жүк тасымалдарын ұйымдастыру үшін вагон-цистерналарды жеткізу бойынша жобаны ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды (10 жылға дейін) бастады», - делінген компания таратқан хабарламада.
Айтып өтілгендей, көлемі 1,1 млрд теңгеден асатын келісім ислам лизингі - «Иджара» шарттары бойынша «ҚДБ-Лизинг» қаржыландырған алғашқы жоба. Аталмыш келісімді ұйымдастыруға арналған қорландыру көзі «Қазақстанның Даму банкінің» 2012 жылы ТМД елдерінің эмитенттері үшін дебюттік «Сукук» ислам облигацияларын шығару барысында тартылған қаражаты болды.
«Иджара мүлікті (жылжитын және жылжымайтын) алдын ала келісілген төлемдер сомасымен белгілі бір мерзімге лизингке беру болып табылады. Лизинг заты, мысалға, жабдық мүлікті сақтандыру және оны тиісті күйде сақтау бойынша барлық шығындарды көтеретін лизинг берушінің меншігінде қалады. Мүлік жарамсыз болған жағдайда лизинг алушы төлем төлеуді тоқтатады», - деп түсіндірді ҚДБ-де.

Похожие материалы