Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Қазхром» өнім көлемін арттырмақ

«Қазхром» өнім көлемін арттырмақ

ERG тау-кен металлургия корпорациясының құрамына кіретін «Қазхром» трансұлттық компаниясы тауарлық өнімінің көлемін арттырып, компания бір жылдан астам уақыт бойы күнделікті өндірістік процестердің тиімділігін арттыруға бағытталған жобаларды барлық өндіріс орындарында іске асыру үшін белсенділік танытуда. Мұндағы күнделікті тіршілікті сырт көзбен қарасаңыз, әсіресе тау-кен саласындағы қызметкерлердің еңбегіне, машиналар мен құрал-жабдықтардың дамылсыз жұмысына ERG өндірістік бөлімшесіндегі және де халықаралық консалтингтік компаниясындағы мақсат-мұраты бір арнайы топ көмекке келеді.

Алғашқы нәтижесі де жаман емес. Кәсіби біліктілігі жоғары мамандардан тұратын топ аз шығын мен жобаны оңтайландырудың арқасында едәуір көрсеткішке қол жеткізді. 2018 жылдың соңында «Қазхром» қосымша 50 мың тонна феррохром өндірді.

Процестік инновация көмекке келгенде

ERG тау-кен металлургия корпорациясының құрамына кіретін «Қазхром» трансұлттық компаниясы әлемдегі ірі феррохром өндірушілерінің бірі және хром құрамы бойынша әлемдегі ең ірі жоғары көміртекті феррохром өндірушісі санатына жатады. Бұл компанияның еншісінде үлкен ауқымдағы    хром қоры бар. Бүгінде өндіріс орнында 19,2 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Олар элементті барлау, іздеу жұмыстарынан бастап, оны қазып алу, байыту, соңғы толыққанды өнім алғанға дейінгі барлық жұмысты атқарады.

Қазіргі кезде феррохром нарығының болашағы жарқын. Соңғы жылдары  орта есеппен алғанда өндірістің көлемі жылына 5 пайызға өсіп келеді. Әлемдегі феррохром өнімдерінің негізгі тұтынушысы – Қытай. Феррохром –болат өндіру кезінде тот баспайтын өте маңызды компонент. Бүгінде  «тот баспайтын болаттан» жасалған бұйымдар тұрмыстық өмірімізде де маңызды рөл атқарады. Атап айтқанда, үй интерьерінде, медицинада, құрылыста, автокөлік және кеме құрылысында, мұнай-химияда және басқа салаларда жиі қолданылады.

«Қазхром» трансұлттық компаниясының президенті Арман Есенжолов: «Қазхром» сияқты ірі ауқымды өндірісті дамыту негізгі капиталға қомақты салымдар салуға жол ашады. Бұл әрине өндіріс көлемін ұлғайтып, шығындарды едәуір төмендетуге септігін тигізеді», – дейді.

«Алайда, компания қызметіне жасалған диагностика барысында анықталғандай, күнделікті операциялық қызметтегі елеулі өзгерістер есебінен ферроқорытпа зауыттары пештерін өндіру көлемін 10 пайызға дейін арттыруға болады. Бұл 2017 жылдың ортасында компанияда іске қосылған операциялық
тиімділікті арттыру жөніндегі жобаның негізгі мақсатты көрсеткішіне айналды. Жұмыс барысында ең мықты халықаралық сарапшылардың тәжірибесі мен білімі ескерілді» дегенді жеткізді «Қазхром» трансұлттық компаниясының президенті Арман Есенжолов.

«Қазхром» трансұлттық компаниясында арнайы жобалық команда жасақталды. Бұл топ арнайы бағыттар, атап айтқанда, өнім өндіру, байыту және металлургия бойынша жұмыс істеді. Жоба шамамен екі жылға есептелген және үш кезеңнен тұрады: диагностика, бастамаларды әзірлеу және оларды енгізу. Бұл ретте әрбір бастама толық өмірлік циклден:идеяны әзірлеуден, оның техникалық және экономикалық бағалауынан, іс-шаралар мен іске асыру жоспарын нақтылаудан, іс-шараларды нақты іске асыруға дейін жұмыс комитетінің бастаманы бекіту және енгізудің бірнеше айларының қорытындылары бойынша қаржылық-экономикалық тиімділікті бақылаудан өтеді.

Арнайы компьютерлік бағдарлама әрбір бастаманы, оның қай кезеңде екенін бағамдап, әрі қарай іске асыруға не кедергі келтіретінін, тағы да басқа түйкілдерді бақылауға мүмкіндік береді. Жоба барысында дәл осындай 150-ден астам бастамалар әзірленіп, жүзеге асыру үшін бекітілді. Олардың көбі іс барысында қатар жүріп келеді. Бір айта кетерлігі, жобаның дені 2018 жылы іске асырылды. ERG және «Қазхром» топ-менеджментінің жоғары қызығушылығының нәтижесі бюрократиялық кедергілерді жоюға және жұмыс барысында барлық өзгерістерге қарсы тұруға көмектесті.

Өзгерістердің максималды тиімділігін қамтамасыз ету үшін компания
процеске компания филиалдарының қызметкерлерін мүмкіндігінше көбірек тартуды көздеді. Болашағынан үміт күттіретін талантты кеншілер, байытушылар мен металлургтер, сондай-ақ, көптеген қосалқы қызметтерді атқаратын мамандар  мен бөлімшелердің өкілдері «Қазхромның» бетбұрыс әкелетін агенттеріне айналды. Бұл стереотиптерге аздап қайшы келсе де, бірақ тиімділікті арттыру жөніндегі жоба жұмыс орындарын қысқартуға жол бермеді. Керісінше, ұжымға негізінен өндіріс пен металлургия саласындағы жүздеген адам қосылды.

Компания қазір де бастамаларды жүзеге асыру барысында сұранысқа ие бірқатар мамандарды іздестіру үстінде. Тіпті, қызметкерлерді жаңа дағдыларға сай етіп, қайта оқытатын мүмкіндік туды.  Көптеген қызметкерлер үшін бұл жоба мансап баспалдағының жаңа баспалдағына қадам басып, кәсіпқойлықтың жоғары деңгейіне шығуға мүмкіндік берді. Бұл ретте адамдармен жұмыс істеу арнайы бағыт сілтейтін бағдарламаны қосуға жол ашты. 

Қазірдің өзінде жобалық топтағы мамандар енгізілген бастамалардың оң нәтиже бергеніне көзқ жеткізе алады. Егер тау кен саласы бойынша айтсақ, мұнда айтарлықтай нәтижеге шахтада ауысым санының үш-төртке дейін көбейген кезінде қол жеткен.

Қазір бәрі жаңарып жатқан кез. Тіпті, өндіріс орындары да. Мәселен, шахтадағы желдеткіш есіктері автоматты түрде өзі ашылады. Ал ертеректе қалай еді?! Сол үшін бір қызметкер тоқтап, ашып, қаншама уақытын кетіретін еді. Бұдан өзге, фабриканы байыту жөнінде шараларды жүзеге асыру қолға алынды. Бұл жерде басты назар құрылыс жұмыстарын жүргізудің тиімділігіне аударылды. Осы шараларды орындау барысында кәдімгі стандарттық процедуралар жасақталды. Мәселен, байыту процесі жұмысты дұрыс ұйымдастыру және өнім көлемін арттыруға септігін тигізеді. Жұмыс кезінде шығынды өсірмеу көзделген.

«Жобаны жүзеге асыру барысында тиімділігін көру келесі жылдың еншісіне қалды. Себебі, бұл біраз уақыт пен қаржы көзін қажет етеді. Мәселенки, жұмысты оңтайландырып, еңбек күшін тиімді пайдалану арқылы біраз шаруаны еңсеруге болады», – дейді «Қазхром» трансұлттық компаниясының техникалық даму жөніндегі вице-президенті Азамат Бақтыбаев. Оның айтуынша, бір жыл ішінде компания басшылығы және қызметкерлердің тарапынан талпыныс байқалған. «Қызметкерлер тарапынан айтылған идея мен ұсыныстың бәрі компания басшылығына міндетті түрде жеткізіледі. Сол арқылы техникалық-технологиялық өзгерістер ойдағыдай енгізілді. Былайша айтқанда, пилоттық жоба бюрократиялық кедергілерді жоюға және компания қызметкерлерінің идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Біздің алдымызда атқаратын жоба да, жоспар да көп. Оған бәріміз жұмылған жұдырықша жетуге күш саламыз»,  – дейді «Қазхром» трансұлттық компаниясының техникалық даму жөніндегі вице-президенті Азамат Бақтыбаев.   

Әрине, трансұлттық компания қашан да жаңаруды, жаңғыруды қажет етеді. Оның үстіне қомақты ақша құю өз алдына. «Қазхром» компаниясы осы үдеден түспеу үшін қызметкерге жағдай жасап, технологиялық мүмкіндіктің артуына және айтулы нәтижеге қол жеткізу үшін барын салмақ. Мәселен, 2018 жылғы көрсеткішке қарасақ, компания қосымша 53,8 мың тонна дайын өнім өндірді. Ал 2020 жылы мақсатты көрсеткіш бұдан да еселеп артпақ.

Похожие материалы