Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Кеңес Рақышев "Қазкоммерцбанк" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болды

Кеңес Рақышев "Қазкоммерцбанк" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болды
Қазкоммерцбанктің директорлар Кеңесі төрағасының лауазымына бұдан бұрын жоспарланғандай банктің ірі акционері және ҚКБ-нің директорлар Кеңесінің қазіргі мүшесі Кеңес Рақышев сайланды. Бұл қызметте Ракишев мырза Марк Хольцманды алмастырады. Марк Хольцман өз кезегінде ҚКБ директорлар Кеңесінің мүшесі ретінде өз жұмысын жалғастырып, банктің басқару органына төрағалық етеді деп хабарлайды банктың баспасөз қызметі.  Банк басқармасының жаңа төрағасы болып сайланған Хольцман мырза өзінің жаңа қызметіне шет мемлекеттің азаматы ретінде жұмыспен қамту саласындағы уәкілетті мемлекеттік органнан тиісті рұқсатты алған соң ғана кіріседі деп жоспарланған. Бұл уақытқа дейін 2016 жылғы 29 сәуірден кейін банктің басқарма төрағасының міндеттемелерін банктің басқару командасының жаңа мүшесі Абай Искандиров атқаратын болады. Бұған дейін Искандиров мырза «Қазкоммерцбанк» АҚ директорлар Кеңесі төрағасының кеңесшісі болған. Бүгін банктің директорлар Кеңесімен Искандиров мырза басқарма төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды. [caption id="attachment_41991" align="alignnone" width="448"]Абай Искандиров Абай Искандиров[/caption] Абай Искандиров  ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігінде, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінде қызметтер атқарып, «Қазына» тұрақты даму Қорында басқарушы директор лауазымында болған. Кейіннен 2008-2011 жылдары «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ-на қаржы директоры қызметіне шақырылды және 2010-2011 жылдары «Темірбанк» АҚ директорлар Кеңесін басқарды. 2011 жылы экономикалық даму және сауданың вице-министрі болып тағайындалды, ал 2013 жылы - Премьер-министрдің орынбасарының аға кеңесшісі. 2013 жылдан 2015 жылға дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде жұмыс істеді, алғашында төрағаның аға кеңесшісі, кейінірек монетарлық операциялар мен активтерді басқару департаментінің директоры қызметін атқарды. Ол ҚазМЗУ-дың заң ғылымының «қаржы және салық құқығы» мамандығы бойынша бакалавры, заң ғылымының «халықаралық кәсіпкерлік құқығы» мамандығы бойынша магистрі және АҚШ-тың Oxford Brookes University (АҚШ, Оксфорд қ.) экономика ғылымының «халықаралық менеджмент» мамандығы бойынша магистрі дипломдарын қорғаған. Банктің директорлар Кеңесі банктің басқару органына жаңа басқарушы директорды сайлады. Ерұлан Құсаинов банкте түйткілді займдардың сұрақтарына жетекшілік ететін болады. Құсаинов мырза бұл лауазымға дейін «Казкоммерцбанк» АҚ атқарушы директоры қызметін атқарып, банктің түйткілді активтермен жұмыс істеген. 20 жылдық еңбек өтілі бар Құсаинов мырза 18 жыл бойы банк саласында қызмет атқарып келеді. Өның жұмыс тәжірибесі 1995 жылдан бері касса қызметкерінен басталған, кейіннен ол Қазақстанның ірі банктердің филиалдарын басқарады: «БанкТуранАлем» АҚ, «Банк Каспийский» АҚ және «Темірбанк» АҚ. Абай Құсаинов 8 жыл бойы «Темірбанк» АҚ-да басқарушы директор және басқарма төрағасының орынбасары болған. Директорлар Кеңесінің шешімімен банктің басқару органының құрамына Құсаинов мырзадан бөлек жақында сайланған жаңа басқарушы директорлар Міржан Қарақұлов,Мұрат Сүлейменов пен Асқар Дәрменов кірді. Сондай-ақ директорлар Кеңесінің жаңа мүшелерін –Нұрлан Абдуов пен Рашит Махатты сайлау туралы шешім қабылдады. 39 жастағы қаржыгер Нұрлан Абдуов директорлар Кеңесінің мүшесі ретінде Казкомның акционері - «Qazaq Financial Group» АҚ-ның мүддесін қорғайды. Абдуов мырза «Qazaq Financial Group» АҚ –ның басқарушы директоры және директорлар Кеңесінің мүшесі болып табылады. Нұрлан Абдуовтың жоғарғы экономикалық және саяси білімі бар. Ол 1998 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «халықаралық - экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2010-2012 жылдары Ресей Федерациясы қаржы Министрлігінің Бүкілресейлік мемлекеттік салық академиясында (Мәскеу қ.) білім алған. Ресей Федерациясы президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының саяси ғылымдарының кандидаты дәрежесіне ие. Ал 39 жасар экономист Рашит Махат Қазкоммерцбанктің директорлар Кеңесінде миноритарлық акционерлердің мүддесін қорғайтын тәуелсіз директор ретінде қызмет атқарады. ҚКБ акционерлерінің құрамындағы соңғы өзгерістерге байланысты директорлар Кеңесінің мүшесі және банктің миноритарлық акционері Нина Жүсіпова директорлар Кеңесінің мүшесі ретінде өз өкілеттігін мерзімінен бұрын өз еркімен тоқтатыны жайлы өтінім берді.

Похожие материалы