Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазкоммерцбанк 2015 жылғы қызметінің нәтижелерін жариялады

Қазкоммерцбанк 2015 жылғы қызметінің нәтижелерін жариялады

Қазкоммерцбанк Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты (ХҚЕС) талаптарына сәйкес 2015 жылғы  қаржы есептілігіне негізделген  қызметінің нәтижелерін жариялады. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен 2015 жылғы есеп бойынша, активтер жыл басынан бері 19,9%-ға өсіп, 5 094 млрд теңгені құрады. Клиенттердің қаржысы 2014 жылдың соңындағы 2 264 млрд теңгемен салыстырғанда 3 325 млрд теңгеге дейін өсіп, яғни 46,8% болды.

ҚР Ұлттық банкі әдістемесі бойынша банктің меншікті капиталдың баламалық коэффициенті 11,5%-ды құрады.Таза комиссиялық кірістер 2014 жылғы 12 аймен салыстырғанда 15,2%-ға өсіп, 28,4 млрд теңгеге жетті. ҚРҰБ әдістемесі бойынша жұмыс істемейтін кредиттердің үлесі 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша - 8,9%. 2015 жылғы 12 айдың қорытындысы бойынша жағымсыз қаржы нәтижесі - 18,4 млрд теңге.

Таза пайыздық кіріс Провизиялар есептелгенге дейінгі 2015 жылдың 12 айдың нәтижесі бойынша таза пайыздық кіріс 21,5%-ға өсті. Бұл көрсеткіш 2014 жылдың 12 айдағы 154,0 млрд теңгемен салыстырғанда 187,1 млрд теңгені құрады.

Пайыздық емес кірістер 2015 жылғы 12 айдағы таза пайыздық емес кірістер осыдан бір жыл бұрынғы көрсеткіштермен салыстырғанда еншілес ұйымдар бойынша кірістің түсуінен және шетел валютаның бағамын белгілеуден, сондай-ақ таза комиссиялық кірістердің өсуінен 13,7 млрд теңгені құрады. Таза комиссиялар бойынша кірістер 2014 жылғы 12 айдағы 24,7 млрд теңгемен салыстырығанда 2015 жылғы 12 айда 15,2%-ға, яғни 28,4 млрд теңгеге дейін өсті.

Құнсыздану бойынша шығындар Клиенттерге ұсынылған несиелер бойынша қалыптастырылған провизиялардың үлесі БТА-дан ҚКБ-ға берілген несиелердің жалпы көлемінде 2015 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша - 14%.

Провизияларға бөлінген қаржы 2014 жылғы 12 айдағы 74 млрд теңгемен салыстырғанда 2015 жылғы 12 айда 176,8 млрд теңгені құрады.  ҚРҰБ әдістемесі бойынша 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс істемейтін кредиттер - 8,9%.

Салық салу Пайдаға салынатын салық бойынша шығын 2014 жылғы 6,9 млрд. теңгемен салыстырғанда 2015 жылы 17,4 млрд теңгені құрады.

Капитал баламалығы ҚРҰБ әдістемесі бойынша капиталдың баламалық коэффициенті 2015 жылғы 31 желтоқсан бойынша - 11,5%.

Корпоративтік сектор және ШОБ Корпоративтік секторға берілген нетто-несиелердің көлемі екі есе өсті (103,1%-ға) және 2014 жылғы 31 желтоқсандағы 1 711 млрд теңгемен салыстырғанда 3 476 млрд теңгені құрады. Корпоративтік сектор клиенттері қаражатының көлемі 2014 жылғы 31 желтоқсандағы 1 259 млрд теңгемен салыстырғанда 2015 жылғы 31 желтоқсанда 1 855 млрд теңгеге жетті. Олардың клиенттер қаражатының жалпы көлеміндегі үлесі 2014 жылғы 31 желтоқсандағы 55,6%-бен салыстырғанда 55,8%-ды құрады.

Жекелеп қызмет көрсету секторы Жекелеп қызмет көрсету секторына берілген нетто-несиелердің көлемі жыл басынан 14%-ға төмендеп, 411,1 млрд теңгемен салыстырғанда 353,7 млрд теңгені құрады. Жекелеп қызмет көрсетілетін клиенттердің қаражат көлемі 2014 жылғы 31 желтоқсандағы 1 005 млрд теңгемен салыстырғанда 46,2%-ға, 1 470 млрд теңгеге дейін өсті. Олардың үлесі жалпы клиенттер қаражатының көлемінде 2014 жылғы 31 желтоқсандағы 44,4%-бен салыстырғанда 44,2%-ға а. артты. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан аумағында Банктің дамыған альтернативтік сатылым желісі бар. Банкоматтар мен POS-терминалдардың саны 2 160 дананы және тиісінше 35 005 дананы құрады.

Похожие материалы