Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазкоммерцбанк АҚ туралы

Қазкоммерцбанк АҚ туралы

Қазкоммерцбанк (КАЗКОМ) – Қазақстан мен Орта Азиядағы ірі банктердің бірі. 2012 жылы 31 желтоқсанда Банк активтері 2 444,8 млрд теңгені құрады.

Банк жұмысындағы негізгі бағыттарымен (бөлшек және корпоративті) қатар КАЗКОМның зейнетақыны мен қаржы активтерін басқару, сақтандыру және брокерлік қызметтерін ұсынатын еншілес компаниялары бар. КАЗКОМның сондай-ақ, Ресей Федерациясында, Тәжікстан Республикасында және Қырғыз Республикасында еншілес банктері жұмыс істейді.

Банктің негізгі акционерлері: «Орталық Азиялық инвестициялық компаниясы» АҚ, Н.С.Сұбханбердин мырза, «Qazaq Financial Group» АҚ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және Еуропаның Қайта құру және Даму Банкі болып табылады.

Банктің ізбасары – Медеу Банкі 1990 жылғы шілдеде құрылған болатын, ал 1991 жылғы қазанда Қазкоммерцбанк болып қайта тіркелді. 2006 жылдың қарашасында КАЗКОМ ТМД-дағы банктердің бірі болып, Лондон қор биржасында ҒДҚ түрінде жалпы сомасы 845 млн. АҚШ долларын құрайтын IPO өткізді. Банк акциялары «Қазақстан қор биржасы» АҚ-ның ресми тізімінде тіркелген (KASE).

1991 жылы Медеу Банкінің негізінде құрылған «Казкоммерцбанк» АҚ, қазіргі уақытта активі, несие қоржыны, таза кірісі және жалпы депозиттері бойынша ірі жекеменшік қаржы институты болып табылады.

2010 жылғы 31 желтоқсанда қаржылық есептің халықаралық стандарттары бойынша есептелінген банктің активтері 2 688,1 млрд. теңгені құраса, оның 81%-ы, яғни 2 175 млрд. теңге көлеміндегі қаражат клиенттер алған несие болатын.

2010 жылы банк басты компанияның акционерлеріне тиесілі 21,9 млрд. теңге мөлшерінде таза кіріс алды. 2010 жылғы 31 желтоқсандағы жағдайға сәйкес, капиталдың жеткілікті болуын қамтамасыз ету мақсатында банктің жеке капиталы 413,7 млрд. теңгені құрады.

Шоғырландырылған есеп-қисаптың негізінде есептелген капитал адекваттығының коэффициенті 2010 жылғы 31 желтоқсанда 20,1% құрады – 2009 жылдың соңымен салыстырғанда өзгерген жоқ. Ал бірінші дәрежелі капитал адекваттығының коэффициенті 16,2% құрады (2009 жылғы 31 желтоқсанда - 15,9%).

Қаражат тартудың негізгі көзі – банк депозиттері болып табылады, олар қордың жалпы көлемінің үштен бір бөлігін құрайды. 2010 жылдың ішінде клиент депозиттері 1 506,8 млрд. теңгеге жетті. Осылай Қазкоммерцбанк тартылған депозиттердің көлемі бойынша Қазақстандағы ірі банктердің бірі болып табылады.

Депозиттер тартумен қатар банк теңге және шетел валютасындағы қарыз және несие беру, клиенттердің төлем қабылдау, дебетті және несиелік карталар, инкассация, сондай-ақ бөлшек банкинг сияқты ағымдағы шоттары бойынша қызмет көрсетудің кең спектрін ұсынады.

2013 ж. 1 қаңтардағы жағдай бойынша, Банк бас офисінен басқа, Қазақстандағы 23 әмбебап филиалдарға және 130 операциялық бөлімшелерге иелік етеді (ОБ ұғымы бұрынғы ЕКБ пен ЖҚО-ны біріктірді).

Сондай-ақ Банктің Қырғызстанда («Казкоммерцбанк Қырғызстан» ЖАҚ), Ресейде («Москоммерцбанк» КБ) және Тәжікстанда («Казкоммерцбанк Тәжікстан» ЖАҚ) еншілес банктері бар.

2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға сәйкес, Банктің қолданыста 1 миллион 330 мың карточка бар. Қазкоммерцбанк Visa Inc., MasterCard Worldwide жүйелерінің төлем карталарын шығарады. Сондай-ақ American Express® Gold Card және American Express-тің The Platinum Card® карталарын теңге, еуро, АҚШ долларымен шығаратын Қазақстандағы жалғыз банк.

Сонымен қатар Банк магниттік лента мен чипті алмастыратын смарт-карталарға көшкен Қазақстандағы бірінші банк болды. Және клиенттеріне кредиттік бонустық GoCard картасын ұсынатын жалғыз банк.

Және Казкоммерцбанк виртуалды желісі арқылы (интернте) 3-D Secure (Verified by Visa) және соған ұқсас MasterCard SecureCode төлем карталары бойынша қызмет етудің ең озық және сенімді технологиясын ұсынып әрі оны іс-жүзіне асырған ең алғашқы банк болып табылады.

Банктің банкоматтар желісі бар. 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға сәйкес олардың саны 1329, соның ішінде ақша қабылдау функциясы бар (cash-in) банкоматтардың саны – 289. Сондай-ақ банктің процессингтік орталығы 232 интернет-дүңгіршекке және сауда орындарында орналасқан 13 128 POS-терминалға қызмет көрсетеді. Соның 6 мың данасы Бонустық бағдарлама әріптестерінде орналасқан.

Қазкоммерцбанк қашықтықтан қызмет көрсету бойынша Қазақстандағы жетекші банк. 2013 жылғы қаңтарында жеке тұлғаларға арналған Homebank.kz қаржы порталында тіркелген жеке тұлғалардың саны 415 000-нан асты, олардың ішінде Қазкоммерцбанк клиенттері, сондай-ақ «Қазинвестбанк» АҚ, «Ситибанк Қазақстан» АҚ және «Ресейдің Жинақ банкі» АҚ төлем карта иелері бар. Порталдың 40 000 астам тұтынушысы өздерінің қалта телефондарына Android және iPhone мобильдік түрін көшіріп алды. Ал заңды тұлғаларға арналған Onlinebank.kz  порталының тұтынушы компаниялар саны 14 000 асса, «Банк-Клиент» жүйесін 2 200 астам компания тұтынады.

Банк орташа және ірі қазақстандық және Қазақстанда өз қызметін жүзеге асыратын халықаралық бірлестіктерге түрлі өнімдер мен қызметтерді ұсынады; сауда, жобалық, инвестжобаларды қаржыландыру, активтерді басқару, сондай-ақ қысқа мерзімді несиелеу мен басқа да жалпы банктік қызметтерді қосқанда. Банк өз саясатына сәйкес, жоғары өтімділік деңгейін қолдау мақсатында, әдетте, корпоративтік клиенттер үшін 18 айға дейін орташа мерзімге несие, сондай-ақ қазіргі уақытта ресурстарына байланысты ұзақ мерзімді қаржыландыруды ұсынады. Банк Қазақстандағы өзінің негізгі клиенттері үшін шетелдік банктермен бірлестірілген несиелер ұйымдастырады және Ресей мен Қырғызстанның ірі корпоративтік клиенттерін қаржыландырады.

Банктік қызметтен басқа Банк өзге де қаржылық қызметтер ұсынады. Қазақстанның құнды қағаздар мен валюта нарығының негізгі ойыншысы бола отырып, ол компанияларға валюталық-конверсиялау операцияларын, ақша нарығындағы операцияларды (құнды қағаздар операцияларын қосқанда), компанияларға ақша ресурстарын басқару жөніндегі қызметін ұсынады. Банктің бас лицензиясына сәйкес, Банктің бағалы металдармен (алтын және күмісті қосқанда) мәміле жасауға (сату, сатып алу және сақтау) құқы бар. 2001 жылдан бастап Банк өзінің корпоративтік және бөлшек сауда клиенттеріне ақша қаражаты мен активтерді басқаратын сенімгерлік қызметтерін ұсынады.

Банк стратегиясы

2007 жылғы жазда әлемдік дағдарыстың еліміздің банктік жүйесіне және Қазақстан экономикасына әсері онша айқын сезілмеген кезде, Банк басшылығы уақытында «Казкоммерцбанк» АҚ-ның даму стратегиясына түзетулер енгізу туралы шешім қабылдады. Банктің тұрақтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ клиенттерге қолдау көрсету үшін Банк мына стратегияны ұстанады.

Похожие материалы