Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазкоммерцбанк басқармасының құрамында өзгерістер болды

Қазкоммерцбанк басқармасының құрамында өзгерістер болды

«Қазкоммерцбанк» АҚ үш басқарушы директоры – Бауыржан Қуватов, Асқарбек Набиев және Рустам Набиров өз еркімен банк басқармасының құрамынан шықты. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазкоммерцбанкте қауіпсіздік және ақпарат пен техникалық қауіпсіздік қызметі үшін жауап берген Бауыржан Қуватов мырза БТА банктің Директорлар кеңесінің төрағасы – Кеңес Рақышев мырзаның кеңесшісі болып тағайындалды. Енді ол БТА банкке өткен проблемалық активтермен жұмыс істеуді жалғастырады.

Менеджмент тәуелкелділігін басқарған Рустам Набиров мырза Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы кеңесінің жаңа төрағасы Мағжан Әуезовтың шақыруымен Қазақстанның Қаржыгерлер Қауымдастығына ауысты. Набиров мырзаның тәжірибесі Үкімет пен Ұлттық банкке қаржы секторының шоғырландырылған пікірін көрсететін дағдарысқа қарсы бағдарламаны дайындау барысында қаржы  секторының келешектегі дамуы мен ұсыныстарын дайындау үшін өте маңызды.

Банктің директорлар кеңесі мен басқармасы Казкомның дамуына қосқан үлестері үшін әріптестеріне ризашылықтарын білдіріп, келешектегі жұмыстарына сәттілік тіледі

Похожие материалы