Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Кеңес Рақышев БТА банктің акцияларын сатып алды

Кеңес Рақышев БТА банктің акцияларын сатып алды

«Қазкоммерцбанк»  «БТА Банк» АҚ жай акциялардың 99,4187% үлесін сатты. Бұл БТА-ның жай акциялардың 608,374,602,366 данасын құрайды, деп хабарланды ҚКБ-ның ресми сайтында.

"БТА-ның аталған акциялары ҚКБ-ның келесі акционерлеріне сатылды: Кеңес Рақышев мырзаға - жай акциялардың 299,211,380,223 данасы (немесе БТА-ның сатылған акцияларының 49,18%-ы); Нұржан Сұбханбердин мырзаға - жай акциялардың 299,211,380,223 данасы (немесе БТА-ның сатылған акцияларының 49,18%-ы); ҚКБ-нің миноритарлық акционерлеріне - жай акциялардың 9,951,841,920 данасы (немесе БТА-ның сатылған акцияларының 1,64%-ы)", - делінген хабарламада.

БТА акциялары сатылған соң ҚКБ БТА-ның акционерлері қатарынан шықты. БТА-ның аталған акцияларының бағасы - 1 жай акция үшін 0,00001 теңге бойынша ҚКБ-ның акционерлеріне ұсынылған ұсынысқа сәйкес және соның аясында сатылды.

Фото: kapital.kz

Похожие материалы