Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазкоммерцбанк «Москоммерцбанк» еншілес банкінің капиталын арттырады

Қазкоммерцбанк «Москоммерцбанк» еншілес банкінің капиталын арттырады

Алматы. 26 мамыр. 7kun.kz - «Казкоммерцбанк» АҚ  «Москоммерцбанк» АҚ КБ (МКБ) еншілес банкпен саны 1 400 000 дана МКБ-ның қарапайым атаулы акцияларының қосымша шығарылымын сатып алу туралы шартын жасады. Орналастырылатын бір акцияның құны 1 000 рубльді құрады. Бұл туралы банктің баспасөз қызметінен хабарланды.

«Қазақстан мен Ресей арасында ежелден тығыз сауда-экономикалық байланыс қалыптасқан, енді ол қатынас ЕАЭҚ құрылған соң жаңа деңгейге шығып отыр. Біз өзіміздің ресейлік еншілес Москоммерцбанктің капиталын толықтырдық және жақын арадағы басты мақсатымыз Ресей аумағында банк бизнесін жетілдіру болып табылады. Мен қаржы институтының стратегиялық мәселелерінің шешіміне тікелей қатысу үшін Москоммерцбанктің Директорлар кеңесіне өзім жетекшілік етемін», - деді ҚКБ негізгі акционері және Директорлар кеңесінің төрағасы Кеңес Рақышев.

Мәміле нәтижесінде ҚКБ-ның МКБ жарғылық капиталындағы үлесі өзгермейді және 100% құрайды. Акциялардың қосымша шығарылымын сатып алу қорытындысы бойынша МКБ жарғылық капиталының көлемі 2 843 600 000 рубльді құрайды.

Похожие материалы