Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазпошта Amazon үшін төлем қабылдап, заңды тұлғаларға арналған депозитті іске қосады

Қазпошта Amazon үшін төлем қабылдап, заңды тұлғаларға арналған депозитті  іске қосады

Алматы. 19 наурыз. 7kun.kz – «Қазпошта» 2019 жылы заңды тұлғаларға арналған депозитті іске қосады. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов айтты.

Сонымен қатар компания Amazon үшін төлем қабылдап, Юнистримге теңгедегі бивалюталық аударым жасай бастайды. Түркістан облысында Өзбекстанға жүк жіберу көлемін арттыру үшін транзиттік фулфилмент-орталық ашады.

«Қазіргі таңда фулфилмент-орталықтар 57 қазақстандық интернет-дүкенге кешенді қызмет көрсетеді. Биыл тағы 80 интернет дүкенді қосамыз», - дейді С.Сәрсенов.

Сондай-ақ, биыл 53 млн халықаралық сәлемдеме, 70,5 млн жөнелтілім қабылдап, Қазақстан арқылы жіберу жоспарлануда. Компания сонымен қатар e-commerce негіздеріне шағын және орта бизнес өкілдерін оқытуды жалғастырмақ.

«1500 кәсіпкерді оқытамыз. Қазіргі кзеде 90-нан астам компания таураларын экспорттауға ниетті. Олар негізінен – макарон өнімдері, ет өнімдері, бал мен күнбағыс майы», - деді Сәрсенов.

Похожие материалы