Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

QIWI әмиянын қалай пайдаланады?

QIWI әмиянын қалай пайдаланады?

QIWI электронды төлем жүйесі - интернеттегі сауданы жүзеге асыруға мүмкіндік беретін басты құралдың бірі.  Жүйенің артықшылығы қандай? QIWI әмиянына қалай тіркелуге болады? Бұл туралы 7kun.kz түсіндіреді.

QIWI әмиян - сіздің сөмкеңіздегі әмиянның электронды нұсқасы. Өзіңізге арнайы әмиян ашып, белгілі бір сомаға толтырып, қолма-қол ақшасыз интернеттегі кез-келген тауар немесе қызмет бағасын төлей аласыз. Электронды жүйелер арасында QIWI-дің танымал болуының бірнеше себебі бар:

  • Тіркелудің қарапайым жолы. QIWI-де тіркелу бар болғаны 1-2 минутты алады.
  • QIWI әмиянын толтыру немесе одан ақша шығарып алу өте оңай. QIWI электронды жүйесі Қазақстанда көп уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқандықтан, оны кез келген дүкеннен көруге болады.
  • Әмиян арқылы Қазақстанда отырып ресейлік, қытайлық интернет дүкендерден тауарлар сатып алуға мүмкіндік бер. Сондай-ақ, коммуналдық қызметтер мен кабельдік ТВ, жеке тұлғалар мен компаниялар қызметіне төлем жасай аламыз.
  • Барлық төлемдерді өзіңіз тіркелген qiwi.com ресми сайты, мобильді телефонда жүктелген QIWI қосымшасы арқылы немесе QIWI терминалдары арқылы жасауға болады.
  • Автоматты түрде төлем валютасының ауыстыруы яғни  интернет-дүкенде немесе басқа да төлемді еуро, доллар немесе рубль арқылы жасау керек болса QIWI-де валюта автоматты түрде ауыстырылады.

QIWI әмиянын қалай құруға болады?

QIWІ-ді құру бірнеше минутта құра аласыз.

  1. qiwi.com ресми сайтына кіреміз

мм

Снимок

2. "Создать кошелек" батырмасын басамыз

3. "Номер мобильного телефона" деген бағанға  өзіміздің ұялы байланыс нөмірімізді жазамыз. Ресейлік жалауша тұрған жерге қазақстандық нөмірді жазған кезде автоматты түрде жалауша өзгереді.

4. Келесі бағанда көрсетілген сандарды жазамыз

5. "Я согласен с условями оферты" деген бағанға қанат белгісін қоямыз: 12696110_773479082782438_1803493535_n

6. Осыдан соң QIWI әмиян үшін қажетті құпия сөзді енгізу терезесі ашылады. Осы арда өзіңіздің құпия сөзіңіздің жарамдылық мерзімін де таңдай аласыз:

hhh

7. Құпия сөзді енгізіп болғанша телефон нөміріңізге тіркелу үшін енгізуге арналған QIWI-ден код нөмірі жазылған хабарлама келеді.

Осымен QIWI-ге тіркелу аяқталды. Ендігі кезекте өз нөміріңіз жазылған бетті көресіз. Бұл сіздің жеке кабинетіңіз. Мұнда енгізген құпия сөз арқылы кіресіз. Әмиян әлі қаржымен толтырылмағандықтан, осы іске кірісеміз.

QIWI әмиянын толтыру

QIWI әмияны құрылды. Енді аздап тәжірибеден өту үшін әмиянды терминал арқылы толтырамыз. Ол үшін жақын маңдағы дкенде тұрған QIWI терминалын қолданамыз. Снимок

  • "QIWІ кошелек" бөлімін таңдаймыз.
  • Тіркелген телефон нөмірін енгіземіз.
  • Қолма-қол ақшаны терминалға саламыз.
  • Осыдан соң дисплейде қанша қаржы салғаны және комиссия жөніндегі ақпарат шығады.

QIWI әмиянына ақша түскеніне көз жеткізу үшін qiwi.com ресми сайтына тіркелген телефон нөміріңіз бен құпия сөзді жазып кіресіз. Өзіңіздің салған қаржыңызға байланысты сомны көресіз: 12669106_771977136265966_795858122_o

Әмиянға салынған  қаржы бірден түседі. Осылайша кез келген QIWI терминалынан әмиянды толтыруға болады немесе басқа QIWI әмиянның нөмірін жазып соған ақша аударуға болады.

QIWІ әмиянын QIWІ терминалы арқылы толтырған кезде комиссия жиі алынады. Терминалдағы комиссияны дүкен иесінің өзі қоятындықтан әр терминалда әртүрлі болады. Қанша комиссия алатыны туралы дүкен иесінен немесе менеджерден сұрау керек.

QIWI әмияны арқылы тауарлар мен қызмет бағасын қалай төлейді?

Оң жақта "Услуги" деген жазуды көреміз. Осы жерден түскен қаржылар мен ақшалай шығындарды көруге болады. Тауарлар мен қызмет құнын ұсынылған шот арқылы төлеуге де болады. Барлық ұсынылған шоттарды "Оплатить" және "Счета" деген бөлімдерден көресіз. Қажетті шотты төлеу үшін "Оплатить" батырмасын басамыз немесе кері шегеруге де болады

12399318_771977152932631_1487736992_n

Егер төлеймін деп шешсеңіз, "оплатить" батырмасын басып, парақшадағы бөлімге телефон нөміріңізге келген хабарлама бойынша кодты тересіз. Қаржы төленгеннен кейін жасыл түс жанады.

Басқа сайттардағы интернет-дүкендерде тауарлар мен қызмет құнын QIWI әмияны арқылы төлеу үшін келесі жүйе арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, интерне-дүкендерден тауарды таңдаған кезде оны "қоржынға" салып, төлем жасау түрін QIWІ деп таңдайсыз. Өзіңіздің QIWІ әмияндағы нөміріңізді жазасыз. Qiwi.com сайтында өзіңіздің жеке парақшаңызға кіріп, өзіңізге сатып алғыңыз келген тауардың құнын төлейсіз. Егер сома басқа шетел валютасында көрсетіліп, сіз теңгемен төлейтін болсаңыз қаржы автоматты түрде конвертацияланады.

Егер ұялы телефонның шотын толтыру қажет болса QIWI әмиянындағы "Оплатить" батырмасынан соң "My phone" деген жазуды таңдайсыз.

Снимок

Ұялы телефоныңыздың нөмірін немесе ақша аудару қажетті нөмірді теру арқылы жеңіл төлеуге болады.

QIWI әмияннан ақшаны банк картасына ауыстыру

Егер QIWI әмиянда қаражатыңыз жиналып қалған жағдайда оны шығарып алу немесе аудару өте оңай. Оны кез-келген қазақстандық банк карталарына аударуға болады.

  • Qiwi.com арқылы жеке кабинетке кіреміз.
  • "Перевести" немесе "вывести" бөлімін таңдаймыз.
  • "Перевести" бөлімінен "на банковскую карту" батырмасын басамыз.

12659734_771977162932630_48027468_n

QIWI әмияндағы ақшаны кез келген Visa, Mastercard немесе Maestro картасына аударуға болады. Яғни төменде көрсетілген бөлімдерге Қазақстандағы банктен берілген картаның нөмірін жазасыз.

12674261_771977156265964_1739213927_n

Осыдан соң келесідегідей кестені толтырамыз:

12650686_771977166265963_1698362535_n

Барлық кезеңнен өткен соң әдеттегідей код ұялы телефонға код жазылған SMS хабарлама келеді.ОСыдан соң бірнеше сағаттан соң жеке кабинетіңізден ақшаның аударылғаны туралы ақпаратты көресіз.

QIWI-ден ақшаны аударуда шетел валютасын таңдауға болады. Аудару кезінде автоматты түрде конвертация жүзеге асады. Аударылған ақша теңге бойынша транзакция негізінде банктің курсы есебі арқылы түседі.

QIWI арқылы ақша аударуда Қазақстанда кейбір ережелер бар:

  • Қаражатты күніне 5 реттен артық аударуға болмайды
  • Қазақстанда QIWI әмияннан қаражатты банк картасына аудару кезінде аударылатын қаражаттың 2%-ы алынады. Сондықтан аз ғана ақшаны аударғаннан қомақты қаржыны бірден аударған дұрыс.

QIWI әмиянынан Mastercard немесе Maestro карталарына қолма қол ақшаны аудару тек Ресей мен Қазақстанда ғана емес, Албания, Армения, Болгария, Босния, Герцеговиния, Венгрия, Грузия, Израиль, Кипр, Македония, Мальта, Молдова, Польша, Румыния, Сербия, Словакия, Словения, Түркия, Украина, Хорватия, Черногория, Чехия сияқты елдерде де жүзеге асырылады.

Банк картасы болмаған жағдайда QIWI-ден ақшаны шығарып алу жолдары

  • Ақшаны туыстарыңыздың банк картасына ауыстыру.
  • QIWI әмияндағы қаржыны басқа электронды әмиянға ауыстыру, мысалы Webmoney-ге аудару арқылы Webmoney айырбастау пунктерінен шығарып алу. Мұндай пунктер Алматы, Астана, Қостанай т.б. қалаларда бар. Іздеу бөлімінен "обналичить Webmoney" деп сұраныс жібересіз. Ақшаны аудару кезінде комиссия ұсталады және айырбастау пунктінде валюта курсына байланысты айырмашылық болуы мүмкін.

Дегенмен QIWI-ден жиі ақша аударатын жағдай болса, міндетті түрде банк картасы болған жөн

QIWI әмиянын пайдаланбай кеткен жағдайда не болады?

Қандай да бір себептермен QIWI әмиянын пайдалануды тоқтатсаңыз немесе бірнеше ай қолданбай кетсеңіз оны бұғаттау міндетті емес. Бар болғаны ішіндегі ақшаны аударып алған жөн. Электронды әмиянда ірі соманы ұстаудың қажеті жоқ. Өйткені телефоныңызды жоғалтып алу сияқты түрлі жағдайлар болуы мүмкін. Нағыз мамандар банк картасының өзінде ірі соманы сақтамайды.

Қауіпсіздік туралы

  • Ұзақ уақыт QIWI-де мол қаражатты ұстамаймыз. Әмияндағы қаражатты жұмсап немесе қолма қол ақшаға айырбастау дұрыс.
  • Әмиянның құпия сөзін сенімсіз және күдікті адамдарға айтпаймыз.
  • QIWI-ден ұялы телефонға келген хабарламаларды ұзақ сақтаудың қажеті жоқ.
  • Электронды әмиян нөмірі тіркелген ұялы телефонды жоғалтып алған жағдайда нөмірді оператор нөмірінен бірден бұғаттау керек.

Біз бұл жерде Қазақстанда QIWI әмиянды  құру керектігі жөнінде  ақпарат бердік. Әмиянды пайдаланудың ең қарапайым жолы көрсетілген. QIWI арқылы жоғарыда айтылғандардан бөлек түрлі қызметтерді пайдалануға болады. Ұялы телефонға "QIWI в мобильном" қосымшасын жүктеп, өзіңізге қажетті төлемдерді  QIWI қосымшасы арқылы кез келген қызмет түріне, тауарларға төлем жасай аласыз.

Маржан Нүсіпбек "7"

Похожие материалы