Экономика
Қорғаныс министрлігі терактіден кейін әскери оркестрлер фестивалін өткізу туралы жағдайға түсініктеме берді
Кейбір БАҚ-та Ақтөбедегі терактіден кейінгі бірінші күндері Қорғаныс министрлігі фестиваль өткізудің дұрыс емес екендігі туралы материал жарық көрген еді. Ведомство бұл жағдайға түсініктеме берді.
"Әлем трубалары" - Шанхай ынтымақтыстық ұйымы қатысушыларының әскери оркестрлерінің арнайы фестивалі, дәстүрлі түрде ШЫҰ Қорғаныс министрлерінің кеңесі аясында өтеді.
"Фестивальге дайындық ұзақ уақыттан бері жүргізілді. Өткен жылдың маусымында Санкт-Петербург қаласында ШЫҰ қорғаныс министрлерінің келесі кеңесі Астанада және "Әлем трубалары" фестивалі де осы қалада өтетіндігі белгілі болды", - деп түсіндірді Қорғаныс министрлігінен.
Қазақстанның Әскери күштері дайындықты ақпаннан бастаған, ал маусымның алғашқы аптасында Астанаға шетелдік әскерлердің музыканттары келіп, дайындықтарын жүргізді.
"Әскери музыка музыка өнерінде ерекше орын алады. Кез-келген әскердің пайда болуында музыкалық оркестрдің құрылуы да бірге жүреді. Әскери музыка сап түзеп, тәртіпті сақтауға ықпал етеді. Әскерилердің жауынгерлік рухын көтеріп, дабыл беру үшін пайдаланылады", - деп атап өтті ведомстводан.