Алматы. 24 сәуір. 7kun.kz – 2019 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша қоршаған ортаны қорғауға бағытталған инвестициялар 33,1 млрд теңгені құрады, бұл 2018 жылға қарағанда 15,6 есе көп, - деп хабарлайды Energyprom.kz.
2018 жылдың ұқсас кезеңінде инвестиция көлемі 2,1 млрд теңгені құрады.
Аталмыш кезеңде ең үлкен инвестициялар Атырау облысында жасалды, бұл 23,4 млрд теңгені құрады және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45,3 есе көп. Ақмола облысында мұндай инвестициялар көлемі 5 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Көшбасшылар үштігін Қарағанды облысы 3,3 млрд теңге көлемінде инвестициямен аяқтайды.
ҚР Энергетика министрлігі дайындаған есепке сәйкес, ластану деңгейі өте жоғары қалаларға осы жылдың наурыз айының соңында Нұр-сұлтан, Қарағанды, Теміртау қалалары жатқызылды. Ластану деңгейі жоғары қалаларға, өз кезегінде, Алматы, Атырау, Өскемен, Ақтөбе, Жезқазған, Семей жатады. Ластанудың төмен деңгейі Көкшетау, Орал, Қостанай, Қызылорда, Павлодар сияқты қалаларды қамтиды.