Алматы. 12 ақпан. 7kun.kz – ҚР Ішкі істер министрі болып Ерлан Тұрғымбаев тағайындалды.
Осы уақытқа дейін бұл қызметті Қалмұханбет Қасымов атқарды, ол енді Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы.
Бұған дейін Тұрғымбаев ІІМ Министрінің орынбасары қызметін атқарды. Осы қызметке дейін ол ІІМ Тергеу комитетінің төрағасы және Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің бастығы болып жұмыс істеді.
Қасымов 2011 жылдан бастап ІІМ министрі болды.