Экономика
Қазақстан Сириядағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу бағытындағы резолюциясын қолдайды
Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2254 (2015) резолюциясын қабылдауын толығымен құптайды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Қазақстан жалпы халықаралық қауымдастықтың, соның ішінде Сирияны қолдау жөніндегі халықаралық топтың осы елдегі қантөгіс қақтығысты бейбіт жолмен реттеу бағытындағы шешімді қадамын қолдайды. Қабылдаған резолюция сириялық дағдарысты шешу жөніндегі нақты іс-әрекеттерге мықты халықаралық-құқықтық негізді құрайды.
"Қазақстан, сондай-ақ, келешекте терроризмге қарсы тұра алатын әлемдік желінің бөлігіне айналуға мүмкіндігі бар БҰҰ жарғысы негізінде кең ауқымды антитеррористтік фронт құру туралы идеяны қолдайды. Белгілі болатындай, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылғы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясында осындай желіні құру туралы бастама көтерген болатын. Қазақстан осы үдеріске қосылуға өзінің нық дайындығы туралы мәлімдейді», - делінген хабарламада.
Фото:pavlodarnews.kz