ҚР Туризм қауымдастығының өкілдері: туризмді дамыту ортақ іс болуы тиіс
Бүгін Алматыда ҚР Туризм қауымдастығыныың өкілдері баспасөз мәслихатын өткізіп, елдегі туризмнің жай-күйіне тоқталды. «Соңғы жылдары күн тәртібінен түспеген туризмді дамыту мәселесінде алға жылжу бар, бірақ, өзара ықпалдасу керек»,- дейді қауымдастық басшылары.
Өйткені Қазақстанның туристік әлеуеті үлкен, энергоресурстардың бағасы құлдыраған тұста туризм бүкіл ел үшін дамудың перспективалы саласына айналуы мүмкін.
«Сол үшін қазірден бастап туристік салада мемлекеттік қолдау қажет», - дейді Қазақстандық туристік қауымдастықтың (ТКТ) директоры Рашида Шайкенова.
Оның айтуынша, мемлекет шетелдік туристерді тартатын елде қажетті инфрақұрылым, қонақ үйлер, лайықты турпакеттер, визалық мәселелерді шешу қажет.
Рашида Шайкенованың айтуынша қазіргі таңда Қазақстанның туристік нарығы ішкі және сыртқы туризмді дамыту бағытында қайта бағдарлана бастады. Салаларға ұзақ несиелер қажет, өйткені туризмдегі қаражаттың қайтарымдылығы өте ұзақ, ал инфрақұрылымды дамыту үшін заттай грант түрінде жер қажет.
ТКТ басшысы қазақстандықтар үшін тур-сертификаттар жүйесін құруды ұсынады, олардың аясында адамдар қолжетімді бағамен Алакөл және Бурабай сияқты елдің жетекші курорттарына отбасыларымен бара алады.
«Әзірге біздің бағалармен, адамдарға Түркияға барған ыңғайлы болады», - дейді ол.
Сондай-ақ, Шайкенованың айтуынша, балалар лагерлеріне, демалыс үйлеріне авиа ұшуларды субсидиялау үшін балалар мен мектеп оқушыларына арналған бағдарламалар әзірлеу орынды болмақ, оған қоса жалпы көлік тасымалының бағасын төмендету қажет.
«Кедендік бажсыз жабдықты сатып алуға рұқсат етіңіз, себебі ол шетелде толығымен сатып алынады. Егер кәсіпорынды аяққа қойып, ол табыс табуды бастаса, онда барлық ақша мемлекетке салық түрінде қайтарылады. Тіпті, мемлекеттің шартты шығынынан 25 миллиард теңге көлемінде толық алынбаған салықтардан және сыртқы инфрақұрылымға 300 миллиард теңге көлемінде бюджеттік ақша салымынан экономика қосымша 600 миллиард теңге тікелей инвестиция алады және 60 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады», – деді Шайкенова.
Қауымдастық есебінше ЭКСПО кезінде Қазақстанға туристер саны 18 есеге өскен.
«Жергілікті операторлардың басым бөлігі қайта бағдарланып, сырттан келетіндерді күтуге жұмыс істей бастады», - дейді Шайкенова. Егер 2017 жылға дейін ҚР-да турфирмалардың 82%-ы көшпелі туризммен жұмыс істесе, қазір жағдай өзгеруде. 2018 жылы ішкі турлар көлемі 8%-ға өсті.
«Бізге туристік инфрақұрылымды дамытумен, визалық және көші-қон саясатын ырықтандырумен, туристік нысандар мен дестинациялардың көліктік қолжетімділігін арттырумен, туристік брендті ілгерілетумен, қызмет көрсету және кадрлық қамтамасыз ету стандарттарын жетілдіру маңызды»,- дейді Р.Шайкенова.
Әрптесінің сөзін ТКТ президенті Роза Асанбаева да қолдайды. Оның айтуынша көрмеден кейін Қазақстанға қызығушылық артты. 2017 жылы Экспо-ны бүкіл әлем бойынша ілгерілету бойынша 90 road-show өткізілді, нәтижесінде Қазақстанның жаңа New York Times нұсқасы бойынша баруға ұсынылатын мемлекеттер арасында 52-ші орынға, Huffington Post рейтингінде 17-ші орынға көтерілген. Сондай-ақ, қазақстандық контент бірінші рет Booking.com мен TripAdvisor-ға жарияланған. Алайда соңғы жылы қарқын сәл бәсеңдеген.
«Біз Экспо-дан кейін Қазақстанға деген қызығушылықтың жоғары қарқынын төмендетіп алдық. Үкімет тарапынан тікелей қызығушылық пен бақылау болғанда ғана саланы жаңа сапалы деңгейге көтеру мүмкін», – деді ол.
Қауымдастық басшыларының пікірінше бұл ретте туризмді дамыту ісінде үкіметтің дайындап жатқан Мемлекеттік бағдарламасы маңызды рөл ойнауы тиіс. Мәдениет және спорт министрлігі «Атамекен» ҰКП-мен және Туризм қауымдастығымен бірлесе отырып, аталмыш стратегиялық құжатты дайындап шығару бойынша үлкен жұмыс атқарып, жобаны нарық қатысушыларына таныстырды. Тұңғыш рет бағдарламаға туризмді қолдауға арналған жүйелі шаралар мен жаңа құралдар енгізіліп отыр.
Стратегиялық құжат инвестициялық тартымдылықты қамтамсыз ету үшін басымдық берілетін туристік аумақтар режімін құруды көздеп, бұл мемлекет есебінен, жер телімдері түріндегі заттай гранттар ұсыну, сондай-ақ, корпоративтік табыс салығынан, мүлік және жер салығынан 10 жылға босату түріндегі салықтық артықшылықтар беру арқылы туризм жобаларын қажетті инфрақұрылыммен қамтамсыз етуге мүмкіндік бермек.
Сарапшылардың пікірінше, мемлекеттің нысандарға салық салмауы нәтижесінде небәрі 25 млрд. теңге мөлшерінде шығын шығарса, сыртқы инфрақұрылымға 300 млрд. теңге мөлшерінде бюджет қаржысын салған күннің өзінде, ел экономикасы 600 млрд теңгеге жуық қосымша тікелей инвестицияға қол жеткізіп, 60 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылу есебінен ұтады.
Туризмді дамыту үшін ұсынылып отырған шараның бірі - туризм саласындағы жаңа жобаларға арнап ұзақ мерзімді несиелерді ұсыну. Мемлекеттік бағдарлама жобасында туризмді дамыту үшін аса маңызды басқа да бірқатар құралдар қарастырылған. Олар шетелдік азаматтардың визасын рәсімдеу кезінде шақыртуды талап етпеу, электрондық визаны ендіру, көші-қон заңнамасын ізгілендіру арқылы визалық және көші-қон режімдерін ырықтандыру шараларын қабылдау, көшпелі туризмді зор серпіліспен дамыту үшін шешуші мәнге ие болуы мүмкін. Қазақстанның туризм саласындағы мүмкіндіктерін біздің мақсатты нарықтарымызда маркетингтік жағынан ілгерілету үшін, яғни жарнама, имидждік мақалаларды қаржыландыру көлемін ұлғайту да аса маңызды.
Елімізде 5-дәрежелі ашық аспан саясатын таяу уақытта қабылдау, әуекеросин бағасын мемлекеттік реттеу және ұлттық лоукостерді құру әуебилеттер бағасының төмендеуіне, туристік объектілерге көлікпен жету мүмкіндігінің жақсаруына зор ықпал етуі мүмкін. Ал, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туризмді қолжетімді ету үшін отандық бизнесті тарта отырып, ұлттық саябақтарды басқарудың жаңа үлгісін, яғни ең үздік халықаралық тәжірибелерді ендіру қажет.
Елімізде жайлы туризм климатын қалыптастыру үшін шекара және кеден қызметтерінің жұмысын өзгертіп, мемлекеттік шекарадан өткізу бекеттерін жаңғырту қажет. Мұның барлығы өте ауқымды жұмыс.
Қазақстан туристік қауымдастығының өкілдері «бұл салада жекелеген ұйымдардың әрекетімен ешқандай өзгеріс жүзеге аспайды», - дейді.
Олардың пікірінше оған Экономика министрлігі, Қаржы министрлігі, Инвестициялар және даму министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, ІІМ және ҰКП сияқты мемлекеттік атқарушы ұйымдардың ықпалды әрекеті мен тікелей қолдауы қажет.
Туризм 33 сабақтас салаға мультипликативтік әсерін тигізетіндігін ескеретін болсақ, бұл бағыттағы шаралар ел экономикасының дамуына зор ықпалын тигізбек. «Сондықтан жоспарланған шараларды қабылдау және оларды мемлекеттің дұрыс жүзеге асыруы арқасында туризм саласындағы туристер ағыны ұлғайып, өнім мен қызметтер көлемі артады, салық төлеу базасы кеңейіп, жаңа жұмыс орындары құрылады, нәтижесінде елдің өркендеуіне есепсіз үлес қосылады»,- дейді Қазақстандағы Туризм қауымдастығының өкілдері.