
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары қызметіне Алпысбай Рахметоллаұлы Ахметов және Ғалымжан Олжайұлы Пирматов тағайындалды. Қаулыға ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
"Қазақстан Президентінің Өкімімен:Нұрлан Жетпісұлы Құсайынов берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары қызметінен және Қуат Бәкірұлы Қожахметов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.
Фото: kaz.tengrinews.kz