Алматы. 13 маусым. 7kun.kz – "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ (ҚТЖ) жүк тасымалдау тарифін шұғыл көтерудің себебін түсіндірді.
ҚТЖ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетовтің айтуынша, 2018 жылы тарифтің орташа өсуі 6,8% болды. Бұл ретте жолаушылар тасымалына - 4%, жүк тасымалына – 7%.
«Жүк тасымалы көлемінің артуына қол қойылып, 2019 жылдың 1 сәуіріннен бастап іске қосуға дайын болды, бірақ кейіннен шілденің соңына ауыстырылды. 1 шілдеден бастап тарифті 12%-ға арттыру жөніндегі біздің өтінішіміз қанағаттандырылады деп күтеміз. Бұған объективті себептер бар", – деді ол.
Сондай-ақ, Әлмағамбетов "Қазтеміртранс" тарифтік саясаты туралы айтып берді.
"Сіздер 8,3 мың теңгелік жартылай вагондарды ұстаудың өзіндік құны кезінде 8,5 мың теңге мөлшерлемені көріп отырсыздар - бұл "Қазтеміртранс" шығынға ұшырамауы үшін мүмкіндік беретін ең жоғары минимум. Біз бұл бағаны 2019 жылға толық белгіледік. Сонымен қатар, мұндай тарифтерден басқа, жұмыстың тиімділігін жақсарту бойынша резервтер бар ұйымдастырушылық сәттер де бар", - деп түсіндірді Әлмағамбетов.
Сонымен қатар, компания вагондардың айналымын жақсарту, жылжыту, вагондардың жүру жылдамдығы, станцияларда түсіру-тиеу бойынша үлкен жұмыс жүргізуде, деп қосты ол. Осыған орай, шілде айынан бастап тарифті көтеру қажеттілігі түсіндіріледі.
Айта кетейік, бұған дейін Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындары республикалық қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец ҚТЖ тарифтерін 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап арттыруды кейінге қалдыруды ұсынды. Оның пікірінше, егер жылдың ортасында бұл өсімді жүзеге асырса, онда экономикаға мультипликативті әсер етуі мүмкін.