Экономика
Қырғызстан Қазақстанға 41,6 млн доллар көлеміндегі қарызын қайтарды
«Газпром Қырғызстан» компаниясы Қазақстаннан 10 жыл бойы алған газдың қарызын төледі. Өтелген қарыз көлемі - 41,6 млн доллар. Бұл туралы «ҚазТрансГаз»АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
"2004 пен 2014 жылдар аралығында «ҚазТрансГаз» қырғыздар тарапынан жеткізілген газ көлемінің ақысын кеш төлеу мәселесіне тап болған еді. "Қырғызгазға" қарызын төлеуді талап етілген хаттар жолданды. Қарызды өтеу мәселесі бірнеше рет талқыланып, үкіметаралық деңгейге де жетті",- деп хабарлады компания.
2008 жылы «ҚазТрансГаз» қарызын қайтарып алу мақсатында сотқа жүгінген еді. Алайда 2016 жылға дейін қарыз қайтарылмады.
Бұл іс "Қырғызгаз" акциясының 100%-ын ресейлік "Газпромом" сатып алған кейін ғана қозғала бастады (2014 жылдың ақпанында). «ҚазТрансГаз» басшылығы жиналған қарыздарының төленуі туралы келісемге келген еді.
"Бүгінгі таңда "Газпром Қырғызстан" келісімшарттағы шарттарды толығымен орындап, 41,6 млн көлеміндегі қарызын өтеді",- деп түсіндірді «ҚазТрансГаз» .
Фото:eurasia.kg