Қырғызстанда халық санағы 25 наурыздан 2 мамырға дейін жалғасады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Бұл туралы бүгін баспасөз конференциясы барысында Қырғызстан Республикасы министрлер кабинеті Төрағасының орынбасары, Халық санағына дайындық жөніндегі республикалық комиссияның төрағасы Арзыбек Кожошев мәлімдеді.
Оның айтуынша, халық санағы 10 жылда бір рет өткізіледі.
"Қырғызстан тарихындағы алғашқы халық санағы 1999 жылы, екінші халық санағы 2009 жылы өткізілді. Осы тізбекке сәйкес біз үшінші санақты 2019 жылы өткізуіміз керек еді. Бірақ әлемдік пандемия себебінен ол мүмкіндік болмады", – деді ол.
Ол халық санағының мемлекет үшін үлкен әлеуметтік, экономикалық және саяси маңызы бар екенін атап өтті.