Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қыста қалай ақша табуға болады?

Қыста қалай ақша табуға болады?

Дағдарыс алқымнан алып тұрған кезде қай уақытта болмасын бизнесіңізді жүргізіп, табыс табуға болады. Өз ісіңізді ашуға тіпті көк мұз да қыста кедергі болмауы керек. Мүмкіндігі болса, осы мезгілдің өзінде жаңа кәсіп бастауға болады. 7kun.kz сізді қыста айналысуға болатын бизнес-идеяларымен таныстырады.

Аяз ата болу - тиімді әрі қызықты Жаңа жылдың қызығы кеше ғана бітті, бірақ келесі жылы мүмкіндігіңіз бар. Қыс мезгілінде аяз ата болып жұмыс істеу кең таралған бизнес идеялардың бірі. Осындай ертегі кейіптегі тұлға арқылы біраз қаражат табуға болады. Мұндай бизнестің қолайлы тұстары өте көп. Мысалы, Аяз ата мен Ақшақар киімін сатып алу үшін қалтаңызда кемінде 30 мың теңге болса жеткілікті. Ал осындай ертегі кейіпкерлердің киімін киіп алып тапсырыстарды қабылдау құны 10 000 теңгеден жоғары. Егер ұжымық кештерде қызмет көрсетуді жөн деп тапсаңыз мөлшерлемені кемінде 15-18 000 мың теңгеге дейін көтеруге болады. Өзіңіздің "Аяз атаға тән" қызметіңізді дамытып және ойдағыдай атқарып шығу үшін жарнама мен Ақшақар қажет. Ақшақарды өзіңізге жақын адамдардан таңдағаныңыз жөн. Бұл бастаған бизнесіңізге аздап болса да көмегін тигізеді. Ал әлеуметтік желілерді сауатты жүргізудің өзі - жақсы жарнаманың бастауы. Шаңғы немесе басқа да қысқы ойын заттарын жалға беру Қазіргі уақытта көптеген адамдар қыс мезгілінде демалыс уақытын шаңғы теуіп, тауға шығып, таза ауада өткізгенді жөн көреді. Осындай сәтте өз бизнесіңізді жүргізуге мүмкіндік туады. Идеяны жүзеге асыру үшін жеке кәсіпкерлікті рәсімдеп, тау шаңғыларының бірнеше түрін сатып аласыз. Шаңғыларды жалға беру орындырын Шымбұлақ немесе Табаған сияқты жерлерден таңдаған жөн. Мұндай жерлерде клиенттердің де қарасы көп болады. Алдымен қысқы спорт жабдықтарын жалға беру ісін қолға алуды ұсынамыз. Бұл мақсатқа жету үшін жеке автокөлік болқан жөн. Әрине автокөлік қосымша шығын болуы мүмкін. Алайда спорт жабдықтарын жеткізу қызметі болса, клиенттердің сұранысы көп болатыны сөзсіз. Әрі сіздің бәсекелестеріңіздің алдағы басты артықшылықтарыңыздың бірі болады. Бизнесті дамыту мақсатында тек шаңғы ғана сатып алмай, жабдықтарды түрлендіруге болады. Мысалы сноуборд, шана, коньки секілді сырғанауға арналған құрылғыларды сатып алып, өз аудиторияңызды кеңейте аласыз. Кәсібіңізді бастау үшін жеке капиталыңызда кемінде 500 000 теңге болған дұрыс. Бұл тек сіздің қалтаңыздан шығатын бір реттік қаржы. Ал жабдықтарды толық түгендеп болғаннан кейін жыл сайын мұндай қаржы жұмсалмайды. Қар тазалау қызметін ұсыну Қалың қарды тазалау - қыстағы ең басты мәселелердің бірі. Ал көп түскен қарды тазалауға қалалық техникалық күші жетпейтіні анық. Осы себепті де қала тұрғындарына қарды тазалау қызметін ұсынуға болады. Табысты және пайдалы. Бизнес жоспарды жүзеге асыру үшін төмендегі құрылғылар  қажет:
  • Автокөлік
  • Тіркеме (прицеп)
  • Қар тазалайтын көлік
  • Жеке кәсіпкерлікті рәсімдеу
Бизнестің тиімділігі тапсырыс берушінің мекен жайына жеке қар тазалау құрылғыларымен келіп, қызмет көрсетіп, еңбегіңіз үшін ақыңызды алып кете бересіз. Қазіргі кезде бұл қызмет түріне сұраныс көп. Аталған бизнес қызметін ірі компанияларға, автотұрақ иегерлеріне, жеке тұлғаларға, тіпті қаланың коммуналды қызмет орындарына ұсынуға болады. Ал бизнесті бастау үшін кететін шығын көлемі 500 000 теңгеден асады. Тіркеме мен қар тазалау көлігін сатып алу үшін 300 мың теңге қажет болады. Қосымша шығын құжаттарды заңды түрде рәсімдеуге және жарнама таратуға жұмсалады. Егер қуатты мықты қар тазалайтын құрылғыны сатып алғыңыз келсе, қосымша 300 000 мың теңге болған дұрыс. Аталған құрығыларды сатып алуға тек бір рет қаржы жұмсалады. Жыл сайын қыс мезгілінде құрылғыларыңызды бір реттеп алып, сапалы қызметті ұсына бересіз. Аумақты тазалау құнын бекіту де өз қолыңызда. Мысалы, 1000 маумақты тазалау бағасы - 10-15 000 теңге. Жаңа жылдық безендіру заттарын сату Қыстағы пайдаға кенелуге болатын кәсіптің бір түрі. Бәсекелестік те көп. Жаңа жыл мерекесі жақындағанда әркім жаңа жылдық шыршаны түрліше безендіргенді ұнатады. Ерекше ойыншықтар мен сіздің креативіңізді пайдаланыңыз. Бұл жағдайда қаладағы таңдаулы сауда орындарынан сирек кездесетін тауарларды сатып алып немесе қолдан әшекейлер жасаған жөн. Себебі қазірге кезде қолөнер бұйымдары жоғары бағаланады. Ең көп сұраныс жаңа жыл атауларына қатысты болады. Мысалы 2016 жыл - мешін жылы. Яғни осы жылға қатысты суреттер, мүсіндер, екі есе көп сатылды. Бірақ аталған тауарды сату шектеулі екенін ескерген жөн. Бұны келесі жылы сата алмайтындықтан өнімді аз сатып алу керек. Бизнестің бұл түрінде шығын көп деуге болады. Себебі сауда орталықтарынан орынды немесе адам көп болатын жерлерді жалға алу керек. Сондай-ақ, сауда құрылғыларын сатып алуға тура келеді. Бастапқы капитал - 500 000 теңге. 250 мың теңге жалға алынған орынға төленсе, қалған қаржы тауарларды сатып алуға жұмсалады. Бұл сауданың тиімді тұстары да бар. Жалға алынған орында тек жаңа жылдық бұйымдар ғана емес, сувенирлер мен сыйлықтар сатуға мүмкіндік бар. Сноутюбинг — еуропалық бизнес Сноутюбинг - қысқа арналған аттракцион десек те болады. Тек сапасы мықты және мұзды төбешіктерден сырғанауға өте қолайлы. Мықты маталардан жасалатындықтан жарылып қалады деп қорқудың қажеті жоқ. Мұндай бизнесті ұйымдастыру үшін бар болғаны сырғанауға қолайлы жерді тапсаңыз болғаны және сноутюбтің бірнеше данасын сатып аласыз. Тек таңдалған жерде ағаш немесе шұңқырлар болмауы керек. Сондықтан қала шетіндегі аймақтарды таңдаған жөн. Аталған бизнес үшін кемінде 200 000 теңге қаржы жұмсалады. Сапалы сноутюб бағасы 11-13 000 теңгеден басталады. Кемінде 10-15  "үрленген шана" сатып аласыз. Ал қалған қаржы бизнесті заңды жүргізу үшін құжаттарды рәсімдеуге кетеді. Ал жалға беру құны сағатына кемінде 200-300 теңге деп белгіленеді. Таза ауадағы бұл ойын түріне көпшілігі қызығатындықтан, кеткен шығын көлемін бір ай ішінде өндіре аласыз. Мұз айдынын ашу - қыс кезіндегі нағыз пайдалы бизнес  Балалардың көпшілігі ертегі әлеміндегі мұз айдындарына барғанды жақсы көреді. Осы себепті мұзбен көмкерілген әдемі сарайлар мен мүсіндерді салу арқылы балалардың қызығушылығын арттырып, бастаған бизнесіңізді пайдаға асыра аласыз. Бизнес жоспарды жүзеге асыру үшін алдымен мұз айдынын ашатын орын, мұз қалашықтарды салуға көмектесетін жұмысшылар және мүсіншілер керек. Ал мұз болу үшін табиғи қар мен су болса жеткілікті. Бизнес ережесіне сәйкес, жұмысты жүзеге асыру үшін қаражат керек. Бастапқы капитал - 1 млн теңге. Бұл қаржы мүсіншіге, мұз айдынын соғуға көмектесетін жұмысшыларға және жалға алынған орынға, құжаттарды рәсімдеуге жұмсалады. Бұл бизнестен шығын шегемін деп қорқудың қажеті жоқ. Себебі әдем соғылған мұз айдынына балалармен қоса үлкендердің де қызығушылығы артатыны сөзсіз. Қыстың бір айында-ақ кеткен бастапқы шығынды өндіруге мүмкіндігіңіз бар. Қыс мезгілінде де ойыңызға алған осындай кішігірім бизнес жоспарларыңызды жүзеге асыруға мүмкіндік бар. Тек аздаған бизнеске деген қабілетіңіз бен қиял және бастаған іске қызығушылық болса болғаны. Нәтижесінде суық күнде еңбекпен тапқан қаржыңыз сізге "жылу" сыйлайды. Фото: business.alexyanovsky.com

Маржан Нүсіпбек "7"

Похожие материалы