Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қытай экспансиясы туралы сыбысты Қазақстандағы тұрақтылықты шайқалту үшін таратуда – Тоқаев

Қытай экспансиясы туралы сыбысты Қазақстандағы тұрақтылықты шайқалту үшін таратуда – Тоқаев

Алматы. 6 қыркүйек. 7kun.kz – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай зауыттарын орналастыру туралы қауесетті таратушылар Қазақстандағы жағдайды тұрақсыздандыру мақсатын көздегенін мәлімдеді.

«Соңғы кездері жер шетелдіктерге сатылатын болады немесе шет мемлекеттің 55 ескі зауыттары көшіріледі, мыңдаған шетелдік жұмысшылар тартылатын болады деген қауесет тарады. Мұндай қауесеттер адамдардың патриоттық сезімдерін шебер басқаратын зұлым адамдардан шығады. Атап айтқанда, олар нақты мақсаттарға жету үшін эмоционалды адамдарды пайдаланады», - деді Тоқаев жұмада Нұр-Сұлтанда өткен Ұлттық сенім кеңесінің алғашқы отырысында сөйлеген сөзінде.

Осы аптаның басында Қазақстанның бірқатар қалаларында митингілер өтті, оған қатысушылар елімізде Қытай кәсіпорындарының ашылуына қарсы болған.

«Мұндай айла-шарғы геосаясаттың құрамдас бөлігі екенін түсіну керек, оның мақсаты халықтың бірлігін бұзу, Қазақстандағы жағдайды тұрақсыздандыру», - деді Мемлекет басшысы.

Похожие материалы