Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қытайда әлемдегі ең үлкен әуежай салынды

Қытайда әлемдегі ең үлкен әуежай салынды

Алматы. 1 шілде. 7kun.kz — Қытай астанасы Бейжіңде "Дасин" деп аталатын әлемдегі ең үлкен әуежайдың құрылысы аяқталды.

"Дасин" - тек әуежай ғана емес, сондай-ақ ірі көлік хабы. Бұл жобаның құрылысына 400 млрд юань (шамамен 60 млрд доллар) салынды.

"Алтын феникс" бейнесіндегі жалғыз терминалы бар, аумағы миллион шаршы метр әуежайды іске қосу 30 қыркүйекке жоспарланған.

"Дасин" әуежайы қала орталығынан 46 шақырым қашықтықта орналасқан. Оның құрылысының басты себебі - "Шоуду" халықаралық әуежайының жүктемесін азайту. Екі әуежайдың арасындағы қашықтық 67 километрді құрайды.

Жаңа әуежайда төрт ұшу-қону жолағы болады. Жылына 620 мың рейс қабылдай алады. Оның жобасы 2025 жылға қарай 72 млн адамды өткізу мүмкіндігін қарастырады. Сондай-ақ, 2025 жылға қарай жаңа әуежай жылына екі миллион тоннаға дейін жүкті тасымалдауы тиіс.

Похожие материалы