Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қытай ұлттық валютасын еркін айналымға жіберуі мүмкін

Қытай ұлттық валютасын еркін айналымға жіберуі мүмкін

Жақын арада Қытай юаньы еркін айналымға жіберілуі мүмкін. Бұл туралы  Societe Generale стратегі Альберт Эдвардс болжап отыр, деп жазады vestifinance.ru.

Бұдан бұрын ол АҚШ қор нарығы 75%-ға құлап, жаһандық рецессия болатынын айтқан болатын.

Оның соңғы болжамына сәйкес, Қытай валюталық резервке қарай әрекет етіп, ұлттық валютаны еркін айналымға жіберуге мәжбүр болады.

2014 жылдың ортасында Қытайдың валюталық резерві 4 трлн долларды құрап, максимум деңгейге жеткен. Дегенмен мемлекет қазіргі уақытқа дейін 800 млрд долларды жұмсап үлгерген. Сондықтан Barclays агенттігі ақша қоры 140 млрд доллардан 3,2 трлн долларға дейін төмендейді дегенді айтады.

«3,2 млрд доллар деңгейінде нарық қаржы қуаттылығы юаньды сақтап қалатынына сенімді бола алады. Алайда валюталық резерв Халықаралық валюта қоры ұсынған минималды 2,8 трлн доллар көрсеткішке жететін болса, қиындықтан қаша алмайды", - деді Эдвардс.

Эдвардс атап өткендей 2015 жылы юаньның 6,2 доллардан 6,55 долларға дейін төмендеуі елдегі валюталық резервтің қысқаруы әсерінен болған.

Фото: kapital.kz

Похожие материалы