Қытай полициясы 50 млрд юань көлемінде қаржы алаяқтығын жасады деген күдікпен Ezubo Ltd. комапаниясына қатысы бар 21 адамды ұстады, деп хабарлайды ВВС.
Ezubao инвестициялық компаниясы инвестициялық өнім кірісі мен жеке тұлғаларды несиелендіру қызметімен айналысады. Қытай билігінің ойынша, қызметтің мұндай түрі нақты түрде қаржы пирамидасын құрған. Себебі компанияның сайтында жарияланған инвестициялық жобалардың 95%-ы - көшірме. Оның үстіне, компания жаңа қарыздар алып соның есебінен ескі қарыздарын жауып отырған.
Компания 2014 жылы ашылып, Қытайдың қаржы саласында бірден танымал болады. Ал полицейлердің сөзінше, 900 мыңға жуық жеке инвестор компаниядан шығын шеккен.
Фото: express-k.kz