Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ҚР СІМ Түркия қара тізіміндегі қазақстандықтарға қатысты түсінік берді

ҚР СІМ Түркия қара тізіміндегі қазақстандықтарға қатысты түсінік берді

Алматы. 18 шілде. 7kun.kz  - ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов қазақстандық 2 мыңға жуық азаматтың Түркия аумағына өтуіне тыйым салуына қатысты түсінік берді. Бұл туралы министрліктің баспасөзі хабарлайды.

«Бүгін Түркиядағы Қазақстан Елшілігіндегі әріптестеріміз маған БАҚ-та жария етілген ақпараттың біршама қате екендігін хабарлады. Сондықтан сіздерге түсіндіргім келеді. Біздің мәліметке сәйкес, Түркия Ішкі істер министрлігі «Түркия ДАИШ-пен күресте» деп аталатын кітап жария еткен. Аталған кітапта түрік билігінің аталған лаңкестік ұйыммен күресте қандай түрлі шаралар өткізетіндігі келтірілген. Кітаптың соңында 2011 мен 2017 жылдың аралығында аталған лаңкестік ұйымға қатысы бар деген айыппен немесе күдікпен ұсталған түрлі елдердің азаматтарының саны келтірілген. Оның ішінде Қазақстан, Ресей, Франция, Сауд Арабиясы және басқа да елдердің азаматтары бар. Бұл азаматтардың бүгінде оралған да шығар. Қазақстан азаматтары 1 900-ден асып жығылады», - деді Әнуар Жайнақов.

Осыған дейін Түркия Ішкі істер министрлігінің ДАИШ-пен жүргізген күрес жөніндегі баяндамасында аталған ұйымйның сапында жүрген  1 914 қазақстандық  азамат бар екенін айтып едік.

Похожие материалы