
Алматы. 14 ақпан. 7kun.kz – Ресейдің «Red Wings» әуекомпаниясы Санкт-Петербург – Астана бағыты бойынша ұшуды жоспарлап отыр.
Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, Red Wings осы бағыт бойынша аптасына жеті рейс орындауға ниетті.
Қазіргі уақытта Астанадан Санкт-Петербургке тікелей рейстерді қазақстандық «Эйр Астана» әуекомпаниясы аптасына алты рет жиілікпен орындайды.
Бұған дейін Ресей тарапынан аталған бағыт бойынша рейстерді «Россия» әуекомпаниясы орындаған болатын.