
Қазақстанда ЕАЭО елдерінің аумағынан әкелінетін көлік құралдарына деген шығарылған жылы және Еуро-4 экологиялық нормаларына сай болуы туралы шектеулер күшін жойды. Тек рөлі оң жақтағы автокөліктерге салынатын тыйым сол күйі қалып отыр деп жазады Kolesa.kz.
2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген мемлекетаралық құжаттар Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісім-шарт пен "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кедендік одақтың Техникалық регламенті осыған дейінгі ұлттық заңнамаларды өзектілігінен айырды.
Енді Одақ аумағында көлік құралдарының жүріп-тұруы регламенттелмейді, яғни Ресей мен Беларуссиядан келетін автокөліктерге шығарылған жылы мен Еуро-4 экологиялық нормаларына сай болу міндетті емес. Аталған шектеулер ЕАЭО-қа кірмейтін елдерден әкелінетін автокөліктерге қойылады.