Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресей ОПЕК-ке мүше болудан бас тартты

Ресей ОПЕК-ке мүше болудан бас тартты

Мұнай экспорттаушы елдердің ұйымы (ОПЕК) Ресейді құрамына кіруге шақырғанымен, мемлекет тек бақылаушы болып қалуды шешкен. Бұл туралы "Роснефть" басшысы Игорь Сечин FT Commodities конференциясы кезінде мәлімдеді деп хабарлайды ТАСС.

Оның сөзінше, мұндай шешім қабылдауға бірнеше фактор әсер еткен. Соның бірі ретінде мұнай өндіру әдісіндегі технологиялық айырмашылықты атап өтуге болады. Сондай-ақ, бұл салада ресейлік нарық толығымен жекешелендірілген және ел үкіметі ОПЕК елдері тәрізді тікелей басқара алмайды деп жазады РИА Новости. Игорь Сечиннің атап өтуінше, Еуропа елдері ресейлік мұнайдың негізгі тұтынушылары болып қала бермек.  "Азия-Тынық мұхиты аймағы біз үшін өте ыңғайлы. Қазіргі уақытта ол жерге үлкен көлемдегі шикізат жіберліп жатқанына қарамастан, біздің экспортымыздың жалпы құрылымында 13-15 пайыздан аспайды", - деп атап өтті "Роснефть" басшысы. И.Сечиннің сөзінше, әлемдегі мұнай саласының ұзақмерзімдегі перспективасы Ресей, Венесуэла және Иранға байланысты. Бұған дәлел ретінде аталған елдердің жаңа кен орындарын тауып, өңдеудегі потенциалдарының тұрақтылығын айтуға болады. Халықаралық бағалау бойынша, Ресейдегі отын қоры АҚШ пен Таяу Шығыстағы қордан асады. 31 тамызда мұнайдың арзандауына байланысты ОПЕК нарықты тұрақтандыру үшін мемлекетаралық диалогты жалғастыуға шақырды. Ұйымның атап өтуінше, отын бағасының төмендеуі шикізат өндіруші елдердің әлеуметтік-экономикалық жағдайына ықпал етіп, энергетикадағы инвестициялар азая бастайды.

Похожие материалы