Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресейдегі мигранттар жұмысқа тұру үшін келісім жасау керек

Ресейдегі мигранттар жұмысқа тұру үшін келісім жасау керек

Ресейде жұмыс істеп жүрген Қырғызстан азаматтары бұдан былай міндетті түрде жұмыс берушімен келісім-шартқа отыруы керек. Осылай деп Қырғызстанның Ресейдегі елшілігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ақпаратқа сәйкес, Қырғызстанның көптеген азаматтары құқықтық сауаттылықтарының жетіспеушілігінен, жұмыс берушілердің алдауына тап болып, көбінде еңбекақыларын ала-алмай жүреді.

Бүгінгі күні елшілік Қырғызстанның 250 азаматының жалпы көлемі 10 млн рубль жалақыларын ала-алмай жүрген өтінішін қарап жатыр екен. Олардың көбінде Ресейдің Еңбек заңына сәйкес жасалуы тиіс еңбек келісім-шарты жоқ.

2016 жылдан бері Қырғызстан елшілігінің араласуымен қырғыз азаматтарына жалпы көлемі 2 миллион 468 мың рубль қайтарылған.

Похожие материалы