Республикалық прокурорлар осы жылдың 6 айында қылмыстық істер кезіндегі тәркілеу бойынша мемлекетке 6 млрд теңге түсірген. Бұл туралы Бас прокуратура таратқан баспасөз баянында жазылған.
"Мемлекетке кіріс ретінде тәркілеу деген үкім бойынша белгіленген шығын сомасы 6 млрд теңгені құрайды. Оның 126 млн теңгесі нақты төленген", - деп жазылған Бас прокуратураның ресми сайтында.
Бірінші инстанциядағы сот мемлекет пайдасы үшін жалпы 5,2 млрд теңге тәркіленуі қажет 313 арыз-шағымды қараған. "Сот мемлекет кірісіне келген шығынды қайтару үшін қаралған қылмыстық істерге сараптама жасаған прокуратура жұмысын талқылап шықты. Нәтижесінде республика соттары 527 тұлғаға қатысты 446 іс қарағандығы белгілі болды. Олардың әрекетінен мемлекетке жалпы көлемде 11,4 млрд теңге шығын келді.