Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Республикада жол-көлік оқиғаларының саны азайған

Республикада жол-көлік оқиғаларының саны азайған

2015 жылдың 5 айы ішінде республикада өткен жылмен салыстырғанда жол-көлік апатының көлемі 3 пайызға азайған. Бұл жөнінде ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің баспасөз-қызметі хабарлайды.

Есептік кезеңде елімізде 6 758 жол-көлік оқиғасы орын алған. Ол жерден 9 384 адам жапа шеккен. Ал, өткен жылы бұл көрсеткіш 6 914 оқиғамен және 9 472 адамның денсаулығына зиян келуімен сипатталған болатын. Көрсеткіштің түсуі жол-көлік оқиғасы нәтижесінде жарақаттанған адамдар санымен байқалып отыр. Мәселен, былтырғы жылы 5 ай ішінде 8 698 адам жапа шеккен болса, биыл - 8 599 адам. Апаттан соң 785 адам көз жұмған, бұл өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 1 пайызға артық. Жол-көлік оқиғалары санының жөнінен Алматы қаласы көш бастап тұр. 2 147 жол-көлік оқиғасы, бұл - барлық апаттардың 32 пайызы. Ал, апат саны ең аз облыс - Солтүстік Қазақстан облысы. Ол жерде 5 ай ішінде 87 жол-көлік оқиғасы орын алған. Келеңсіз оқиғалар саны азайған облыстар ішінде Ақмола (алдыңғы жылы 216, осы жылы 131), Қостанай (алдыңғы жылы 243, биыл 192), Оңтүстік Қазақстан (осы жылы 931, өткен жылы 1 108) бар. ЖКО санының артуы Батыс Қазақстан облысында (өткен жылы 109, осы жылы 156), Шығыс Қазақстан (443/501) облысында және Астана қаласында (227/280) байқалады.

Похожие материалы