Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

РФ Қорғаныс министрлігі 2015 жылы жаңа қаруға жасауға 4,6 млрд доллар шығындауы мүмкін

РФ Қорғаныс министрлігі 2015 жылы жаңа қаруға жасауға 4,6 млрд доллар шығындауы мүмкін

2015 жылы РФ Қорғаныс министрлігі болашағы бар қару-жарақ пен техника жасап шығару үшін ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға 4,62 млрд доллар бөлмек деп хабарлайды КазТаг ресейлік БАҚ-қа сілтеме бере отырып. 

«Біз жыл сайын ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар үшін мемлекеттік тапсырыс көлемінің 15-16 пайызын жаратамыз», — дейді әскери мекеме басшысының орынбасары  Юрий Борисов. Осыған дейін Борисов мемлекеттік қорғанысқа қажетті өнімдер тапсырысының көлемі 2015 жылы 1,8 трлн рубль болады деп мәлімдеген болатын. 2014 жылы аталған тапсырыс көлемі 1,7 трлн рубльді құраған еді. 2015 жылы шамамен 20 пайызға өседі деген болжам жасалынған. РФ Қорғаныс министрлігі әуеде де, жерде де, суда да жұмыс жасауға қабілетті соғыс техникасын әзірлеуге қажеттілік шамалы деп санайды.  

Похожие материалы