Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Rolls-Royce клиенттері көліктің жол талғамайтын нұсқасының шығарылуын қалайды

Rolls-Royce клиенттері көліктің жол талғамайтын нұсқасының шығарылуын қалайды

Rolls-Royce компаниясына клиенттері тарапынан көліктің жол талғамайтын нұсқасын шығару туралы ұсыныстар көптеп түсіп жатыр. Бұл жайлы британдық марканың солтүстік америкалық бөлімшесінің қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі Джерри Спанға сілтеме жасап Car Advice басылымы хабарлайды.

Компания өкілі мұндай модельге деген сұраныс жоғары болатындығын атап өтті. Бұл ретте өндіруші "нағыз "Роллс-Ройс" дизайны мен сипаттамаларына толығымен сай келетін" автокөлікті дайындауы қажет.

Бірінші толық жетекті Rolls-Royce 2016 жылы шығады деген болжам жасалған еді. Алайда 2013 жылдың көктемінде компания басшысы Торстен Мюллер-Отвос бұндай мәлімдемені теріске шығарды. Дегенмен сол жылдың күзінде британдықтар жол талғамайтын Ролсты жасау идеясына қайта оралды.

Rolls-Royce-тың жаңа үлгісінің негізі ретінде BMW X7 жол талғамайтын дәудің платформасының алынуы жайлы айтылып жатыр. Бұл БМВ дайындалып жатқандығын неміс маркасының өкілдері растады және ол 2016 жылы немесе 2017 жылы жарыққа шығады.

Жол талғамайтын Rolls-Royce BMW X7 дебютінен кейін шамамен екі жылдан соң шығады деп жоспарланып отыр. Британдық марканың жаңа моделі Bentley Bentayga және Lamborghini Urus сынды "сымбатты да сұңғақтылармен" бәсекеге түсе алар еді.

Похожие материалы