Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ҚҚС-ның шегерілуі бизнеске оң өзгеріс енгізеді

ҚҚС-ның шегерілуі бизнеске оң өзгеріс енгізеді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қосымшы құн салығын (ҚҚС) сатылым құнының салығына (СҚС) ауыстыру қажет екендігін мәлімдеді. Сарапшылардың барлығы бұл отандық бизнес үшін оң шешім болады деген пікірде деп хабарлайды LS.

Қаржылық қорды дамыту Ұлттық қорының төрағасы Михаил Кленчин  бұрын қосымша құн салығы өте күрделі болған еді деп есептейді. "Көптеген кәсіпкерлер оны түсінген жоқ. Көптеген елдің салықтық заңнамаларында ол тіптен жоқ. Бүгіндегі басты мәселе салық тексерулеріне байланысты ҚҚС сомасының артық есептелініп қоюынан қиын жағдайларға соқтыруында болып отыр. Көптеген компаниялардың келісім-шарт жасасқан контрагенттері кейінірек жалған кәсіпкерлікпен айналысқандарына байланысты ресми тіркеулері жойылып кетуінен зардап шегетін. Бұл жалпы сома жинағынан ҚҚС-ны алып тасталуына әкеледі. Ал сот шешімдерінің көбі салық төлеушілердің пайдасына шешілмейтін. Салық төлеушілердің шағымдары қанағаттандырусыз қалды. Бұл оған дейін табысты жұмыс істеген компаниялардың банкротқа ұшырауына әкеліп соқтырады. Сондай-ақ ҚҚС-ны төлеу кезінде салық ұйымдары мен салық төлеушілер арасында көптеген түсініксіз сұрақтар туындайтын. Бұл, әрине, жалпы кәсіпкерліктің дамуына әсер етеді. ҚҚС мәселесін шешу қажеттілігі ұзақ уақыт бұрын пайда болды. Оны салықтық заңнамадан алып тастау да дұрыс шешім. Осыған дейін мәселені шешу үшін көптеген ұсыныстар айтылған, бірақ олар белгілі бір себептерге байланысты салық төлеушілердің барлық сұрақтарын шешіп бере алмады. Сондықтан қазір ҚҚС-ны алып тастау радикалды болса да, дұрыс шешім деп есептеймін. Бизнеске қандай өзгеріс енеді деп айтуға әлі ерте, әрине.  Бірақ  салық төлеу жүйесінің қарапайым және түсінікті бола түсетіндігі анық. ҚҚС-ны сатылым салығына ауыстырғаннан кейін салық салмағы көбейе түсетіндігі рас", - дейді ол. "Атамекен" ұлтық кәсіпкерлер палатасының басқарма басшысының орынбасары Рахым Ошақбаев: "Бізді салықтық жүйеде үлкен өзгерістер күтіп тұр. ҚҚС-дан бас тартып, айналым нарығына өту - бизнес-климатты өркендетудегі маңызды реформалардың бірі. ҚҚС ең ауыр және жемқорлыққа жақын салық деген біржақты пікір бар. Егер ішкі жүзеге асырудағы ҚҚС-дан бюджетке түсетін кірістің қатынасын есептесек, бюджет үшін теріс сальдо пайда болады. Бұл туралы президент те айтқан еді. Экспортерлердің ҚҚС салымын толық мөлшерде ала алмауына байланысты сұрақтар да пайда болған. Біз ҚҚС мен ҰТС (ұжымдық табыс салығы) түсімдеріне сараптама жасадық. Айналымдағы салықтық салмақ коэффициенті 5%-дан асқан жоқ. Шындығында, айналымдағы 5% салық ҚҚС мен ҰТС-дан түсетін барлық түсімдерді жабатын еді. Меніңше, оптималды бәс 3%-дан аспауы қажет". Қазақстандағы Кәсіпкерлер форумының атқарушы директоры Мунавара Палташева бұл кәсіпкерлік климатқа оң өзгеріс енгізетін маңызды қадам деп есептейді. "Біз 20 жыл бойы ҚҚС-ны сатылым салығына ауыстыру туралы айтып келеміз. Шағын бизнестің көптеген өкілдері ҚҚС-ны төлемейтін. Осыдан басқа кәсіпкерлермен жұмыста проблемалар пайда болды. Сондықтан кәсіпкерлік үшін өте үлкен плюс болды. Ал сатылым құнының салығы (СҚҚ) - ашық жүйе", - дейді ол.

Похожие материалы