Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

S&P Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады

S&P Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады

2022 жылғы 1 сәуірде S&P халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстан Республикасының егемен кредит рейтингінің «тұрақты» болжамды «BBB-» деңгейін растады. Бұл туралы Ұлттық Банктің баспасөз қызметі хабарлады.

 «Ақпанда инфляция 8,7%-ға жетті, бұл Ұлттық Банк орнатқан 4-6%-дық дәлізден жоғары. 2022 жылы S&P ЖІӨ өсімі 2%-дық деңгейді құрайды деп болжауда. Агенттік Ұлттық Банктің дер кезінде іске асырған әрекетін, тұрақсыздық жағдайында бағалар тұрақтылығын сақтау мақсатында базалық мөлшерлемені 13,5%-ға дейін көтергенін атап өтті», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, S&P ресейлік банктерге қолданылған санкциялар Қазақстандық екінші деңгей банктерінің қызметіне әсері шектеулі деген болжамда.

S&P пікірінше, қысқа мерзімдік перспективада кредит рейтингінің динамикасы КҚК-ны қалпына келтіру жұмыстарының мерзімі мен сыртқы экономикалық қызметті қолдауға байланысты болады, ал ұзақ мерзімдік перспективада рейтинг мемлекеттік институттардың саясатын одан әрі жетілдіру мен бизнес-ортаны жақсартуға тәуелді болады.

Похожие материалы