Салық жүйесінің мазмұнын айқындау үшін салық жүйелерінің қалыптасу мәселелерін қарастырудың әртүрлі тәсілдерін салыстыру қажет. Көптеген авторлар салық салудың функционалды құрамын салық жүйелерінің концептуалды модельдерінде ашады. Салық жүйелерінің концептуалды модельдерінің маңызды сипаттамалар салық салудың мәселелерін шешудегі үш әртүрлі бағыттарын бөлуге мүмкіндік беріп отыр. Нарық экономикасына мемлекеттік араласуына қатынасын анықтайтын әлеуметтік-экономикалық процесстерін реттеу критериясына сәйкес бірігей тәсіл ретінде неоклассикалық бағыттағы өкілдері ұсынатын салық жүйесін құрудағы нарықтық өзін-өзі реттеу принциптерін біріктіруге болады. Екінші тәсіл нарық экономикасының қызмет етуінің негізгі параметрлерін мемлекеттік реттеу приоритетіне негізделеді. Дәстүрлі тәсілдерінің негізгі кемшілігі мемлекеттің рөлін біржақты талдауына бағытталуы болып табылады. Жиырмасыншы жүзжылдығының 90-жылдарының басынан бастап экономикалық және әкімшілік ықпал ету механизмінің бірігуіне негізделген тұрақты дамуының теориясы дами бастады. Мұндай ұтымды өзарақатынасын іздеуі салықтық аясын реттеудің жетілдірудің негізгі міндеттерінінің бірі болып табылады. Бұл міндет техникалық және ұйымдастыру жағынан да өте күрделі болып келеді, себебі бір жағынан, әлеуметтік және экономикалық бағдармалар мен жобаларды мемлекеттік қаржыландыру мен инвестициялауды ұлғайтудың объективті қажеттілігі бар, ал екінші жағынан- табыстарының көздерінің шектеулігі орын табады. Салық салудың мәселелерін шешудегі дамуының бағыттарын бөлу критериясына сәйкес салық жүйелерінің функционалдық көлемділігін анықтауына маңызды мән берілген. Тауар-ақша қатынастарының дамыған сайын салық жүйесінің функцияларының құрылымы мен олардың өзара қатынасы өзгерді. Неоклассикалық өкілдерінің көзқарастарының негізінде салықтардың роліне мемлекеттік бюджеттің табыс көзі ретіндегі мәні жатады. Яғни мемлекеттік қазынаның қажеттіліктерін қанағаттандыру немесе фискалдық функцияның орындалуы қарастырылады. Ал неокейнсиандық бағытының өкілдерімемлекеттік реттеудің макроэкономикалық бағытын негіздеді және ұдайы өндіріс процессінде салықтардың рөлі мен функциялары туралы ойларды дамытты.
- Салық салудың экономикалық мазмұны
1.1 Теориялық негіздері
Салық жүйесінің мәні мен рөлі, оның принциптері арқылы айқындалады. Қазіргі елдердің барлығының дерлік салық жүйесінің негізі, салык салу теориясының классигі - Адам Смиттің еңбектеріне сүйенеді. А. Смиттің пікірі бойынша, «салық - бүл жүктеме, сондықтан да мемлекет заң түрінде оның мөлшерін және төлеу тәртібін мұқият қарастыруы қажет. Мемлекеттің салықты жинау құны, мемлекеттің өмір сүру қажеттілігінен және оның жалпы қоғам мен жеке түлғалардың мүддесін қорғауынан келіп шығады».
Арада біраз уақыт өткеннен соң, бүл тізім салықтардың жеткілігімен және әрекеттілігімен (салыктар мемлекеттің мүмкіншілігі мен объективті қажеттілігіне сәйкес қысқартылуы немесе ұлғайтылуы мүмкін), салық салу объектісі мен салым көзін таңдауымен, салымның бір реттілігімен толықтырылды.
Аталып өткен салық салу принциптері, Қазақстанның рыноктық құрылымдарына бейімделу кезіндегі жаңа салық жүйесін қальштастыру кезінде де ескерілген. Әсіресе бүл талаптарға 2001 жылдың 20-шы маусымында қабылданып, күшіне 01.01.2002 жылдан бастап енген «Салык және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының салық Кодексі де сәйкес келді.
Жаңа салық Кодексі салықты басқаруы мен өндіріп алуы бойынша, заңдылық актілер мәліметінің түжырымдамалық негіздері арқасында, жалпы әдістемелерге біріктіріліп сәйкестендірілді. Содан соң заңға біртіндеп, салық қүрылымдары мен салық салу механизмін түзететін өзгерістер мен толықтырулар енгізіле бастады.
А.Смитпен қалыптасқан жалпы және әмбебап сипаттағы принциптері Д.Рикардомен, А.,Вагнермен, Н.Тургеневпен, П.Самуэльсонмен, В.Твердохлебовпен, Т.Юткинмен дәлелденіп, толықтырылған. А.Венғермен төрт топқа біріктірілген, тоғыз принципі қарастырылған. Ол принциптердің негізіне классикалық қондырғылар мен бюджетті-шаруашылық бағыттары (ерекшеліктері, мүмкіншіліктері) негіз болған. Оларға мыналар жатады:
I топқа - салық салу принциптерін үйымдастыру;
II топқа - шаруашылық принциптері;
III топқа - этикалық принциптері;
IV топқа - техникалық-басқару принциптері.
А.Венгер осылайша салық салу принциптерін жіктеген болса, ал Т. Юткин «салык салу жүйелеріне арналған принциптік қондырғылардың жалпы кешенін екі жүйешІкке бөлді». Олар: Салық салуды жүзеге асыратын жалпы үлттық принциптері; ішкі үлттық принциптері [36].
Дамыған батыс елдерінің ішіндегі Германияның салық салу жүйесі мынадай негізгі принциптерге сүйенген:
- салықтардың мүмкіншілігінше минималды болуы;
- минималды немесе, дәлірек айтатын болсақ, оларды өндіріп алу шығындарының да минималды болуы;
- салықтардың бәсекеге кедергі жасамауы, біреуді мүмкіншілігінен айырмауы;
- салықтардың қүрылымдық саясатқа сәйкес болуы;
- бүл жүйенің қүрылымында жеке адам өмірі ескерілуі кажет. Салық салу барысында адам мемлекетке, өзінің жеке өмірін минималды
түрде ашуы керек. Салық қызметкері салық төлеуші жайлы мәліметтерді ешкімге тарқатуға қүқы жоқ. Коммерциялық қүпияның сақталуына кепілдік беру .
Салық жүйесінің принциптерін осылайша жіктей отырып, салық салудың мынадай жиынтық ережелеріне тоқталуға болады:
- Классикалық принциптері, оларға: әділеттілік, теңдік, ыңғайлылық және айқындык;
- Экономикалық-үйымдастырушылық принциптері, оларға:
- түрақтылық, салык заңының кері әсер етуне жол бермеуі;
- әмбебап салық салуға, яғни классикалық ережелерге үмтылуы;
- табысты қайта бөлуге таза салық формаларын енгізу;
- салықты бір рет алуы;
- салық салу объектілерінің, ставкаларының бейтараптылығын, тазалығын сақтау;
- салық қүқығындағы барлық шаруашылық субъектілері үшін салык ауыртпалығының бірдейлігі;
- Құқықтық- ұйымдастыру принциптері - салық жүйесінің біртүтастығы.
Салық жүйесін калыптастырудың және оны сын көзбен саралау жағынан В. Твердохлебовтың еңбегіне көңіл аударуға болады. Оның ойынша: «салық салу принципінің ең маңыздысы болып - өндіргіш күштерді дамыту саналады». Өндіргіш күштерді дамыту - таза үлттық өнім көлемін өсірумен бейнеленеді. Осыған байланысты В. Твердохлебовтың ойын түйіндейтін болсақ, салық таза үлттық өнімнің абсалюттік немесе салыстырмалы өсуіне әсерін тигізуі керек, ал олай болмаған жағдайда, кері ықпалын тигізбеуі қажет .
Қоғамның мақсаты - ұлттық өнімді арттыру болғандықтан, бүл принципті жалпы алғанда, ешқандай қарсылығы жоқ сияқты, ал шын мәнісінде түптеп қарастыратын болсақ, салық өндіріс күшін арттыруға ықпалын тигізе алады, яғни халық шаруашылығының бір бөлігін үнемі алып отырады. Әрине, егерде мемлекеттің өзі көрсететін қызметтерінің бәрі тегін болса, онда ол шаруашылық үшін керемет жеңілдік болар еді. Бірақ та мемлекеттің қарулы күштерді, басқару аппараттарын ұстап түратынын естен шығармау қажет. Сондықтан да, өндіріс күшін дамыту үшін, мемлекет өзіне тиісті соманы алу шығынын азайтуға тырысуы керек. Демек, неғүрлым аз шығын жүмсауға болатын салық жүйесі, жалпы шаруашылықты дамытудың әрі тиімді, әрі оңтайлысы болып табылады.
Қабылданған салық салу жүйесін қолдану үшін және оның объективтілігін арттыру үшін заңдылық принциптердің атқаратын рөлі зор. Олар уәкілетсіз органдардьң жаңа салықтарды енгізуіне, салық ставкаларын көтеруіне, яғни жалпы салықтардың заңсыздық шараларына жол бермейді.
Салық салу жүйесінің негізгі принциптерін калыптастырудың теориялық көзқарасын қорытындылайтын болсақ, салық жүйесінің жалпы бағыттары мен талаптарына жауап беретін, жалпы ғылыми принциптер мен логикалық өзара байланысты және салық салынатын объектінің дағдарыссыз дамуын қамтамасыз ететін түрақты даму теориясьшың принциптері мен өзіндік салық салу принциптеріне сүйенген жөн.
Жоғарыда аталып өткендей, республикамыздың экономикалық даму ерекшелігін көрсететін, салық жүйесі мен принциптерінің түрғызылу тәртібіне және жалпы ғылыми принциптерінің талаптарьша сәйкестендірілген ұлттық салық жүйесі - рыноктық қатынастарды дамытуға итермелейді.
1.2 Функционалдық негізі
Мемлекеттің экономикаға араласу дәрежесі қоғам дамуының әрбір кезеңіндегі шешілетін нақты мақсаттары мен міндеттеріне байланысты. Бүл реттеудің қай түрін болмасын, экономикалық қатынастарды салық саясатының көмегімен бөлу және қайта бөлу қүрайды. Осы арқылы мемлекет экономика дамуының циклдік ауытқуларын жеңілдетеді, инфляцияға қарсы күрес жүргізеді, өндірістік және әлеуметтік инфрақүрылымды дамытады және әлеуметтік қақтығыстарды жеңілдетеді. Мемлекет салық саясатын жүргізу барысында рентабелділік, қоғамдық көзқарас пен қажеттілік сияқты критерилерге өктемдік жасайды.
Салықтың экономикалық мазмүны олардың негізгі функцияларымен сипатталады. Салықтың ең негізгі функциясы болып - фискалдық саналады. Бүл функция салықтардың табиғатымен бірге пайда болған, яғни мемлекеттің қалтасын (бюджетті) толтыру үшін, кәсіпорындар мен азаматтардың ақшалай табысының бір бөлігін эквивалентсіз, мәжбүрлеп алу негізінде толтыру. Салықтың осы функциясының арқасында мемлекеттің ақшалай коры пайда болады және мемлекет өмір сүруі мен ары карай қызметін атқаруы үшін материалдық жағдайлар жасайды. Фискалдық функция мемлекеттің экономиканы реттеудегі рөлін арттыру үшін, объективті алғышарттарын қүрастырады. Ал бүл өз кезегінде, салықтың экономикалық функциясына сәйкестендіріледі.
XX ғасырдың бірінші жартысында дүниежүзілік қаржы ғылымында экономикалық саясаттың ең қуатты құралы ретінде, салық салудын реттеу функциясын пайдалану қажеттілігі пайда болды. Бүл көзқарастар А.И.Буковецк, П.П.Гензел, И.М.Кулишер, В.Н.Твердохлебовтың «шетел мемлекеттерінің салығы» (1926) атты монографиясында, П.В.Микеладзенің «Шетел мемлекеттеріндегі салық салу жүктемесі» (1928) атты кітабында, К.Ф.Шмелевтың «Салық салудың жүктемелік мәселелері» (1928), А.А.Тривустың «Салық - экономикалық саясаттың қүралы ретінде» (1925), В.В.Дитманның «Салықты аудару» (1930) атты еңбектерінде толық сипатталған.
Автордың пікірінше, салық функциясы - бүл оның қасиеттерін көрсететін тәсілі, яғни осы экономикалық категорияның қоғамдық міндеттемесін қалай жүзеге асыратынын бейнелейтін, салык мәнінің көрінісі. Барлық салык функцияларының мақсаты бір - ол, мемлекеттің салық жүйесінің және олардың бюджет саясатының тиімділігін анықтауы.
Салықтың реттеуші функциясы, олардың үдайы өндіріс процесінің серпініне және көлеміне ықпал етуімен ерекшелінеді. Салықтың өзгеруі тауар (жүмыс, қызмет) ұсынысы мен сұранысының, сондай-ақ инвестиция мен жинақты арттыруына немесе қысқартуына әкеп соғады. Сонымен қатар салықтың еңбек белсенділігін, ресурстар жинағын, инновацияны, қоршаған ортаны қорғауы үшін экономикалық жағдайлар туғызады немесе керісінше жояды. Сондықтан да салық салу - мемлекеттің нарықтық шаруашылыққа араласуының анағүрлым белсенді күралы. Ол экономикалық өсуді, әлеуметтік қайта қүрылымдарды жылдамдатуға немесе баяулатуға қабілетті.
Салықтың ынталандырушы функциясы, экономиканың жеке субъектілеріне салық салудың ерекше тәртібін (жеңілдетілген және қарапайымдатылған) қолдануымен байланысты. Жалпыға бірдей қойылған салық ставкасын төмендету, салық салынатын базаны ығыстыруды, салық төлемдерінің мерзімін ұзартуды (қысқартуды) енгізуді, бюджетті-салықтық несиені үсынуды, салықтың бірнеше түрін біріңғай міндетті жарнаға шоғырландыруды және басқа да ұқсас шараларды пайдалану арқылы, мемлекеттің салык салуды басқару органдарының, нақты кәсіпорындар мен азаматтардың иелігіне қосымша ақшалай қорын ұсынады. Бұл ресурстар, шаруашылық субъектілері мен жеке тұлғалардың өндірісті үйымдастырудағы қаржы мүмкіншілігін және игіліктерді түтынуын арттырады. Салық салудың жеңілдіктері мен қарапайымдылығы, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік артыкшылықтарды қолдау әдісі болып табылады. Оны пайдалану, бюджеттің ұлттық өнеркәсіпті, халыққа қызмет көрсететін салаларды, шағын және орта бизнесті субсидтеумен пара-пар.
Осыдан жүздеген жылдан астам бүрынғы ғалым-экономистердің айтуы бойынша, мемлекетгің салық саясатының фискалдық, реттеуіш, ынталандырушы функцияларымен қатар, тұрақтандырғыш функциясы да қолданыла бастады, яғни салық ұлттық рыноктың түрақты қызмет етуінің материалдық негізі және әрекет етуші қоғамдық-саяси құрылымның қолдаушысы ретінде қарастырылды. Мәселен, АҚШ-та соғыстан кейінгі жылдары, салықтарға, экономикалық циклді түрақтандырғыш рөлі үсынылды. Елдің экономикалық жағдайына байланысты, басқару құрылымдары, салықты төмендете отырып, мемлекет сұранысын ынталандыруға, экономикалық өсу қарқынын арттыруға, кәсіпкерлерді инвестицияға қарай итермелеуге, ал салықты арттыра отырып инфляцияны әлсіретуге, экономикалық циклді түрақтандыруға тырысты. Мұның бәрі кәсіпкерлерді, өндірістің анағүрлым жетілдірілген түріне қарай немесе шаруашылық ұйымдарын өндіргіш формаларына қарай бағыттауы үшін, қаржы ғылымдары, мемлекеттен, белгілі облыстардағы нақты жетістіктерге қол жеткізген түлғалар мен фирмалар үшін салық жеңілдіктерін беруін сүрады.
Осылайша, арада біраз уақыт өткеннен соң, салық салудың тұрақтандырғыш функциясы, салық жүйесінің халықтың әл-ауқаты нашар дамыған топтары үшін, оларды әлеуметтік қорғайтын кепілдік рөлін, яғни қоғамның әлеуметтік түрақтылығын қамтамасыз ететін жаңа қызмет атқара бастады.
Қоғамның әлеуметтік жағдайы төмен топтары үшін жеңілдік жиынтығын үсынумен қатар, әлеуметтік қорғау функциясын және азаматтардың табысына салық салудың үдемелі әдісін пайдаланумен байланысты әлеуметтік теңестіру функцияларын да іріктейді.
Қазіргі мемлекеттердің барлығында дерлік, азаматтарды экономикалық қиыншылықтан қорғауды қамтамасыз ететін әлеуметтік қолдау жүйесі бар. Әлеуметтік қолдау дегеніміз - қоғамның табысы аз мүшелеріне, қаржылай көмек ретінде көрсететін үкімет бағдарламасы. Оларға жүмыссыздық бойынша жәрдем ақы, қарттар мен мүгедектерге берілетін зейнетақы және әл-ауқаты нашар отбасыларына берілетін әлеуметтік көмектер мен әлеуметтік сақтандырудың басқа да түрлері жатады. Осындай бағдарламаларға мемлекеттің тегін медициналық қызмет көрсетуі, тегін пәтер беруі, сондай-ақ табысы аз отбасыларына әлеуметтік қызметтер көрсетуі және т.б. жатады. Әлеуметтік қорғау бағдарламасының мәні, қоғамдағы табысты қайта бөлумен көрсетіледі. Осылардың негізінде біреулерден салық өндіріліп алынып, екінші біреулеріне жәрдем ақы ретінде
беріледі. Қазіргі қоғамның әлеуметтік түрақтылығын қамтамасыз ететін салық қүралдарының негізгісі болып: жүмысты үсынушылар мен жалданып жүмыс істеушілер, әлеуметтік сақтандыру қорына жарна ретінде төлейтін еңбек ақы салығы және жеке түлғалардың табыс салығы бойынша салық жеңілдігінің жүйесі жатады.
Салықты қайта бөлу функциясының мәні, шаруашылықтың әртүрлі субъектілерінің табыс бөлігін, мемлекет пайдасына қайта бөлуінде. Бұл функцияның әрекет ету көлемі ЖІӨ-дегі салықтардың көлемімен анықталады.
Осыған орай К. Маркстің бөлу қатынасының табиғатына байланысты жасаған ғылыми түсініктемесін еске алуға болады. Ол: «Бөлу қатынасы -өндірісте тікелей пайда болған жалақы мен пайда, пайда мен пайыз, жер рентасы мен пайда арасындағы қатынасы, салықтар тек қосымша жағдайларда ғана өзгертуі мүмкін, ал тікелей оларды ешқашанда өзгерте алмайды»-деді . Осындай жағдайда салықтың алатын орнының, мәнінің және біздің қоғамның дамуының әртүрлі кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешудегі рөлі өте зор.
XX ғасырдың аяғында мемлекеттің рыноктык экономиканы реттеу механизмі, салықтардың теориялық зерттеулерде бүрын соңды болмаған сапалық жаңа функциясын тапты. Салық салудың реттеуші функциясының бір бағытының көрінісі, дәлірек айтқанда сыртқы саудалық және сыртқы экономикалык қатынастарды реттеуі салық салудың жаңа, интеграциялық функциясына түрленді. Оның пайда болуы дүние жүзілік шаруашылықты дамытудың, яғни ұлттық экономика мен шаруашылық өмірді жан-жақты интернационализациялау арасындағы өзара байланысты нығайту процесінің ерекшелігімен сипатталды. Салық мемлекет үшін өңірлік, шаруашылық және саяси көзқарастармен байланысқан, біртүтас экономикалық кеңістікті қалыптастыру қүралдарының бірі болып қалды.
Мемлекеттің шаруашылық өмірінің өзара байланысының өсуі мен интернационализациялау процесінің ең жарқын көрінісі болып ЕО ішіндегі экономикалық интеграция, яғни экономика мен саясаттьщ еуропалық өңірлер үшін де, жалпы дүние жүзі үшін де маңызды факторы болып саналды. ЕО-тың мүшелес елдерінің үлттық салық жүйелерін сәйкестендіру мен үйлестіру саясаты, ЕО-тың ішкі интеграциялық процесін қамтамасыз етудің ең қуатты қүралы болды.
Салық салудың интеграциялық функциясы ұлттық салық саясатын өңдеу кезіндегі мынадай - басқа елдердің салық климатының жағдайы, көршілес мемлекеттермен қолданылатын салық ставкалары, шет мемлекеттерде салық реформаларын жүргізудің болашақтағы бағыты мен тәжірибесі сияқты факторларды ескеруді қажет етеді.
Салық, сондай-ақ экономиканың жағдайын тексеретін бақылау функциясын да атқарады. Бюджетке салықтардың түспеуі (уақытында келіп түспеген ақшалай төлемдер мен олардың жиналмаған сомасының есеп айырысу көлеміне қарсылығы) техникаға, өндірісті ұйымдастыру мен басқаруға, тауар айналымының қалыптасуына, ақшалай-несие жүйесіне, әсіресе әлеуметтік саясатты жүргізуіне күрделі кедергісін тигізеді. Өндірістің шағын көлемі мен рентабелсіздігі, өніммен жабдықтау қиыншылығы, кәсіпорындар арасында ақшалай есеп айырысудың бүзылуы, жүмыспен қамту мен инвестицияның қүлдырауы, төмен дәрежелі жалақы мен әлеуметтік жәрдемақылар - міне осындай экономикалық факторлар, бюджетке келіп түсетін салық көлемін төмендетеді. Мүның нәтижесі белгілі - мемлекеттің салықты жинауының түрақтылығы мен артуы, ең алдьшен іскерлік белсенділікті дамытумен, өндіріс тиімділігін арттыруымен және халықтың әл-ауқатын көтерумен тікелей байланысты. Қазынаның салықтык көздерін, салық төлеушілердің мүлкіне, табысына (пайдасына), шаруашылық айналымына салық талаптарын қатаңдату жолы арқылы емес, керісінше, бүларды дамыту үшін жағдайлар туғызу негізінде нығайтылуы қажет.
Салық салудың бақылау функциясының арқасында салық механизмінің тиімділігі бағаланады, қаржы ресурстарының қозғалысын бақылау қамтамасыз етіледі, салық жүйесі мен бюджеттік саясатқа өзгерістер енгізу қажеттілігі анықталады. Бюджетті-салықтық, яғни фискалдық қатынастардың бақылау функциясы тек бөлу функциясының әрекет ету жағдайында ғана көрінеді. Осылайша, бүл екі функция шектелген бірлікте фискалдық қатынастар мен бюджеттік саясаттың тиімділігін анықтайды.
Салықтың құндық категориясы ретінде қаржы категориясының жиынтығынан ерекшеленетін, өзіндік айрықша белгілері мен қозғалысынын өзіндік түрлері бар.
Салықтың өзіндік ерекшелігі болып, олардың монополиялық сипаты есептеледі. Салық салу жағынан мемлекеттің бәсекелесі жоқ және болуы да мүмкін емес.
Салық жүйесін анағүрлым тиімді пайдалану үшін салықтың мәнін, орнын және рөлін дұрыс түсіну қажеттілігінің маңызы зор. Өткен уақыттағы ғалымдардың қаржы жайлы еңбектерін зерттей отырып, олардың салықтарға деген көзқарастарының қаншалықты зиялы және орынды екеніне көзіміз жетеді. Осыған байланысты АҚШ-тың әйгілі саяси қызметкері Б.Франклин (1706-1790) былай деп айтып кеткен болатын: «Әрбір адам өлуге және салық төлеуге міндетті».
- ҚР салық жүйесінің жағдайы.
2.1 Салықтардың жіктелуі
Қазақстан Республикасының жалпы салық жүйесі тікелей және жанама салықтардың қосындысынан түрады. Тікелей салықтар салық төлеушілердің табысына немесе меншігіне тікелей қойылады. Біздің елімізде оларға: жер салығы, мүлік салығы, табыс салығы және т.б. жатады. Ал жанама салықтар - тауар бағасына немесе көрсетілетін қызметтер тарифіне үстеме ретінде қойылып, түтынушылармен төленеді. Тікелей салық салу кезінде акшалай қатынастар мемлекет пен салықты төлеушілер арасында пайда болса, ал жанама салықтарда - салық субъектісі болып мемлекет пен төлеуші (тауарды немесе қызметтерді түтынушы) арасында делдалдық қызмет атқаратын тауарды (қызметті) сатушылар саналады.
Тікелей салықтар сондай-ақ нақты және өзіндік болып жіктеледі. Нақты салықтар мүліктің жеке түрінен төленсе, ал өзіндік салықтар заңды немесе жеке түлғалардың табыс көзінен немесе декларация бойынша өндіріліп алынады. Мүнымен қатар, тікелей салықтардың бір түрі тек заңды түлғалармен төленсе, екіншілері - тек жеке түлғалармен, ал үшіншісі - әрі заңды, әрі жеке түлғалармен төленеді.
Жанама салықтар да сипаты жағынан сан қырлы. Олардың құрамына жеке (тауардың ерекше түрлері мен топтары бойынша) және әмбебапты акциздер мен кеден баждары кіреді.
Салықтың алғашқы жіктелуі XVII ғасырдың бастапқы кезінде салықтарды жер иелерінің табысына (жер салығы - тікелей салық, басқалары - жанама) салу негізінде қүрылды. Бертін келе А.Смит өндіріс факторларына (жер, еңбек, капитал) сүйене отырып, жер иелерінің табысын капиталдан және еңбектен түсетін табыстар деп толықтырып, сәйкесінше тікелей салықтар қатарына да екі - капитал иесінің кәсіпкерлік пайдасына және жалдамалы жүмысшының жалақысына салынатын салықтарды енгізді. Жанама салықтар жайлы А.Смит былай деп айтып кеткен: "бүл шығынмен байланысты салықтар болғандықтан, осылайынша түтынушыларға беріледі" [15].
Барлық салықтар ҚР-ның салық заңдылығы мен Конститутциясының талаптарына сәйкес Парламентпен және кейбір жағдайларда елбасымен белгіленеді.
А.И. Худяков пен Г.М. Бродскийдің «Салық салу теориясы» атты еңбегінде, салықтарды пайдалану сипатына байланысты жалпы және арнайы (мақсатты) салықтар деп жіктейді. Салық салу жүйесінде кейбір салықтар бюджетке келіп түскен соң, бюджеттің басқа да кірістерімен араласып, жалпы қажеттіліктерге жүмсалады, яғни бүл - жалпы бағыттағы (абстракциялы) салықтар. Ал енді кейбір салықтар нақты бір шараларды қаржыландыру үшін қолданады, яғни бүл арнайы салықтар. Мәселен бүған әлеуметтік салықтарды жатқызуға болады. Қазіргі кезде арнайы салықтар (бүрын бюджеттен тыс қорларға аударылатын) бюджетте ерекшеленіп көрсетіледі. Айта кету керек, көп жағдайларда арнайы салықтар бюджеттен тыс арнайы қорлардың табыс көзі ретінде бекітіледі [39, 756.].
Экономикалық әдебиеттерде арнайы салықтар туралы әртүрлі пікірлер қарастырылған. Мәселен С.Г. Пепеляев өзінің еңбектерінде осы арнайы салықтардың жақсы жақтарына былай сипаттама береді: біріншіден, психологиялық көзқарас бойынша салық төлеушілер мүндай салықты бар ынталарымен төлер еді; екіншіден, салықтардың мақсатты сипаттамасы белгілі-бір (мақсатты) шығындарды жүзеге асыру қажеттілігімен айқындалады.
Барлық салықтардың бюджетке өз жолдамалары бар, яғни оларды дүрыс есептеу, төлем мерзімі және т.б., сондай-ақ бересіні (мезгілінде төленбеген салық) өндіріп алу да мемлекеттің ортақ кызметімен қамтамасыз етіледі.
Салықтың бірнеше белгілері бойынша жіктелуінің толық сипаттамасын келесі суреттен көре аласыздар (кесте 1).
Салықты жіктеудің және бір белгісі больш, олардың экономикаға тікелей немесе жанама әсер етуі саналады. Осы белгілері бойынша салық төлемдерінің жалпы жиынтығынан мынадай: баға қүрылымын, өндіріс шығынын, инвестицияны және жұмыспен қамтуды реттейтін салықтар ерекшеленеді. Салықтардың экономикалық жіктелуінің осы түрі, әрбір
Кесте 1 - Салықтың жіктелуі
Белгісі | Салық түрі | Қысқаша сипаттамасы |
Салықтарды пайдалану сипаттамасына байланысты | Жалпы | Салықтардың бюджеттің басқа кірістерімен араласып жумсалуы |
Мақсатты | Нақты шараларды пайдалану үшін қолданылады | |
Салық төлеуші мен мемлекеттің өзара қатынасы бойынша | Тікелей | Салық төлеушілердің табысына немесе меншігіне тікелей қойылады |
Жанама | Тауар бағасына немесе көрсетілетін қызметтер тарифіне үстеме ретінде қойылып, түтынушылармен төленеді. | |
Салықтарды өндіріп алу органдарына байланысты | Республика лық | Мемлекет табысы болып саналатын салықтар |
Жергілікті | Жергілікті бюджеттің табыс көзі болып саналатын салықтар | |
Салықтарды төлеу формасына байланысты | Ақшалай | Ақшалай формада төленетін салықтар |
Натуралды | Жер қойнауын пайдаланушылардың келісімінде белгіленген, кен өнімдерінің үлесі .ретіндегі салықтар | |
Субъекті бойынша | Заңды тұлғалар | Субъектісі болып заңды түлғалар, с.қ., резидент және резидеыт емес, түрақты мекемелердің корпорациялық салығы. |
Жеке тұлғ. | Жеке түлғалармен төленетін жеке салықтар | |
Объектілердің экономикалық белгілері бойынша | Табыска са-лынатын | Кез-келген салық салу объектісінің табысынан алынатын салықтар |
Түтынуға салынатын | Тауарлар мен қызметтерді түтыиғаны үшін төленетін шығын салықтары | |
Бюджетгік реггеу кұралы ретінде | Бекітілген | Бюджеттің белгілі түрінің табыс көзі ретінде заңға сәйкес бекітілген салықтар |
Реттеуші | Жыл сайынғы бекітетін бюджет процессінде жоғарғы бюджеттен төменгі бюджетке оны теңестіру мақсатында берілетІн салықтар | |
Салық салу объектісін бағалау дәрежесіне байланысты | Кадастрлік | Салықтарды есептеу және өндіріп алу - салық объектілерінің тізімдемесі негізінде, олардың нақты табыстарын есепке алмай, көрсетілген табыс нормасымен жүзеге асырылады |
Декларация бойынша | Салық толеуші табыс көлемін, қажетті жеңілдіктері мен шегерімдеріы көрсетеді және салық сомасын есептейді | |
Табысты алу көзінде | Табысты алған жерде салық төлеушінің жүмыс істейтін заңды түлғаның бухгалтерімен сол жерде есептеліп, төленеді | |
Патент негізінде | Кәсіпкерлік қызметтің әртүрлі қызмет түріне патент енгізуінде | |
Есептік экономикалық мақсаттарға сай | айналым шығынына жататын салык; өнімнің (жұмыстың, қызметтің) сатылу құнына енген қаражат нәтижесіне жататын (пайдадан салық алынбай тұрған) салық. |
салықтың шаруашылық қызметтеріне жан-жақты әсер ететіндіктен, шартты сипаттамада болады және экономикалық қатынастардың барлық салаларына жалпы әсерін тигізеді. Қандай да бір салық түрінің, экономикалық қүбылыстың нақты бір түріне жатқызуы кезінде, оның үстемдік әсері ескеріледі.
В. Фроловтың еңбегінде әдеттегідей емес, салықтардың ерекше жіктелуі беріледі. Ол жіктеудің басты белгісі ретінде «әрбір салықты өндірушінің жүзеге асыруын экономикалық бағалауын» үсынды, ал ол өз кезегінде салықтарды: тіркелген немесе өндіріс деңгейіне тәуелді (мүліктік салық, қызметтің жеке түрлеріне арналған салықтар) және қайта бөлуші (табыс салығы, акциздер) деп талдады.
Баға құрылымын реттейтін салықтарға ҚҚС және акциздер жатады. Бүлар тауардың жіберілу бағасына үстеме ретінде қойылатындықтан, өнімді түтынуды реттейді. Акциздер, ерекше сүранысқа ие тауарларға анағүрлым қатаң ставкамен қойылып отырғандықтан, салық салу механизмін табысқа толығымен ауыстыра алады.
Өндіріс шығынын реттеу салықтарына кеден баждарын, жер қойнауын пайдаланушыларға, жолдарға салық салуды және мемлекеттің бюджеттен тыс қорларына аударымдарын жатқызуға болады.
Инвестицияны реттеу салықтарына - кәсіпорындардың пайда салығы, мүлік салығы, акциялар мен бағалы қағаздардың табыс салығы, .дивидент салығы және басқалары жатады.
2.2 Ықпал ету механизмі
Мемлекет салық саясатын жүргізу барысында тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізуді, бағаның бірқалыптылығын қамтамасыз етуді, жүмыссыздық деңгейін төмендетуді, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуды, сыртқы экономикалық қызметті теңестіруді мақсат түтады. Осы аталған мақсаттардың бәріне бірмезгілде қол жеткізу мүмкін емес. Сондықтан да салық саясатының басым түрі, қоғамның саяси күштерінің қүрылғысына, экономикалық конъюнктураға байланысты болады.
Салық жүйесінің жалпы жүйелік функциялардың нәтижелігі салықтардың рөлімен, эволюциясымен анықталады және мемлекеттік бюджетте қалыптасуында көрініс табады. 2003-2005 жылдарда салық түсімдерінің жылпы сомасы сәйкесінше 81 %, 81 %, 88 % құрады. Бұл салық түсімдердің өсімі туралы айқындайды. (Кесте 2)
Кесте 2. 2003-2005 жылдарда мемлекеттік бюджетке түсімдердің жалпы шамасындағы салықтардың түрінің динамикасы
Түсімдер | Жылдар | ||
2003 | 2004 | 2005 | |
1 | 2 | 3 | 4 |
табыстар | 710173753 | 875896221 | 1241736393 |
С.і. | |||
Салықтық | 579964940 | 717358881 | 1101574114 |
КТС | 269312332 | 310944940 | 524393349 |
ҚҚС | 208598520 | 242122016 | 292831666 |
Акциздер | 4716525 | 5871022 | 9260692 |
Бонустар | 4036468 | 1170400 | 15168877 |
Роялти | 5017630 | 75815208 | 122268191 |
Кеден баждары | 31945139 | 39178115 | 49933038 |
Басқа да салықтар | 745600 | 150000 | 96513 |
Салықтық емес түсімдер | 51524488 | 63684189 | 36624437 |
Көзі: ҚР 2003, 2004, 2005 ж 8 айдың Республикалық бюджеттің орындалуы туралы мәліметтері.
Салық салудың рөлі туралы жеке салықтар мен түсімдердің жалпы шамасы арасындағы қатынасы көрініс береді.. Осы мәліметтерді салыстыруы фискалдық реттеуші рөлі қай салыққа берілетінін анықтауға мүмкіндік береді.
Қазақстанда салықтардың ЖІӨ-дегі үлес салмағы соңғы жылдары 40%-ға жуық, бүл басқа мемлекеттерге қарағанда біршама жоғары.
Қоғамдық ұдайы өндіріс процесінің қай кезінде болмасын, үкімет салықтық реттеу арқылы ықпалын тигізеді. Ал салықтық реттеу саясатының негізгі құралы больш салық жеңілдіктері, шегермелері және несиелері жатады. Әйткенімен, бұл жеңілдіктер барлық салық төлеушілер үшін бірдей немесе олардың кейбір топтары үшін арнаулы болуы мүмкін. Салық жеңілдіктері салық минимумын, яғни салық салынатын пайдадан салық төлеушілердің табысы мен шығысының кейбір түрлерін есептен шегеруін, алдынғы төленген сомаларды қайтаруын, төлем мерзімін үзартуын, салық шегерімдері мен салық несиелерін арнайы атап өтуге болады. Осы аталған салық жеңілдіктерінің ішінен салық несиесі мен салық шегерімдерін жеке топқа бөліп көрсетуге болады. Салық шегерімдеріне - пайдаға немесе табысқа салынатын салыққа абсалютті сома немесе пайыз ретінде қойылатын шегермелері жатады. Мүның қатарына: инвестицияға, жер қойнауының тозуына, әртүрлі корларды ұйымдастыруына және т.б. жатады.
Инвестициялық шегерімдердің формасы әртүрлі болғанымен, олардың бәрі жаңа техниканы игеруді ынталандыруға және қолданбалы ғылымды дамытуға бағытталған. Жер қойнауының тозуына берілетін салық жеңілдіктері, жер қойнауынан оларды өндіріп алудың эксплуатациялық шығындарының анағүрлым жоғары болуымен байланысты, пайдалы қазбалардың ескі орнын өңдейтін, қазба саласындағы кәсіпорындарына беріледі. Осының нәтижесінде пайданың едәуір бөлігі салықтан босатылады. Ал ол өз кезегінде, салық төлеушілердің жер қойнауынан пайдалы қазбаларды көптеп өндіріп алуын ынталандырады. Мүндай салықтық шегерімдер батыс елдерінде және АҚШ-та көптеп пайдаланады. Осы тәжірибені, біздің еліміздің табиғи және экономикалық жағдайларының ерекшелігін ескере отырып пайдалануға болады. Ал әртүрлі қорларды қүру кезіндегі салық шегерімдеріне тоқталатын болсақ, мәселен жапон фирмаларында ғылыми зерттеу жүмыстарының бағдарламасын жүзеге асыру кезінде болатын шығындарына кепілдік алуы үшін, арнайы резерв қорын қүру кезінде пайда салығынан босатылуын атап өтуге болады.
Жай салық шегеріміне қарағанда, салық несиесінің өз ерекшелігі бар. Ол пайдаға салынатын салық емес, есептелген салық сомасынан тікелей шегерумен көрсетіледі. Бүл салық төлеушілер үшін ең пайдалы салық жеңілдігі. Мәселен, инвестициялық салық несиесі өндірісті қайта қүру мен кеңейту, ғылым мен техниканың дамуымен байланысты кеткен салымдар мен шығындардың көлеміне пайызбен қойылады. Ал несие мөлшері осы шығындардың өтемділігі мен қүрал-жабдықтардың қызмет ету мерзіміне байланысты.
Салықтарды шектен тыс көтеру - бүл өндірісті, кәсіпкерлік белсен-ділікті, еңбек пен инвестициялық ынтаны төмендетуге, сондай-ақ, халықтың және кәсіпкерлердің салықты төлеуден жаппай қашкақтауына әкеп соқтыратыны бәрімізге мәлім. Салық мөлшеріне ықпал ететін жалпы факторлардың қүрамына мыналар да енеді: халық табысы, салық салу объектілерінің қүрамы мен қүрылымы, салық ставкалары мен тарифтерінің көлемі, табиғи және әлеуметтік факторлар. Осы жердегі маңызды жағдайдың бірі, рыноктық экономикасы дамыған елдердің ҰТ-ның ішіндегі салықтардың алатын үлесі, экономикасы жәй дамыған елдермен салыстырғанда әлдеқайда жоғары, өйткені ол жан басына шаққандағы табыс деңгейіне тікелей байланысты.
Көптеген елдерде ұлттық өнім мен ЖІӨ-гі салық қысымын есептеу кезінде, орталық және жергілікті бюджетке келіп түсетін салықтардың, сондай-ақ мемлекет тарапынан тегін көрсетілетін әлеуметтік қажеттілік пен қызметтер шығынын алып тастағандағы, әртүрлі әлеуметтік жарналарды қоса есептегендегі жалпы сомасы ескеріледі. Ал біздің елімізде болса, осы күнге дейін әлемге әйгілі салық жүктемесін есептеу әдістемесі өңделмеген.
Мемлекеттің әлеуметтік аяны реттеудегі салық саясатының ерекшелігіне келетін болсақ, кез-келген мемлекет, халқының әл-ауқатын, тұрмыс деңгейін жақсарту мақсатында белгілі-бір әлеуметтік саясат жүргізуі тиіс. Ал мемлекеттің кірісті қайта бөлу функциясы, біз жоғарыда айтып өткендей, мемлекеттің салық жүйесі арқылы, сондай-ақ әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар, түрмыс деңгейі нашарларға - мемлекеттік көмек көрсету, жүмыспен қамту аясында да белгілі саясаттар жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Егерде әлемдік тәжірибеге сүйенетін болсақ, кез-келген елдің даму дәрежесі әлеуметтік саланы қаржыландыру шығынының дәрежесіне тікелей байланысты. Қазіргі заманның өзінде, дамыған батыс елдерінің көпшілігінде инвестицияны әлеуметтік аяға, соның ішінде адами капиталына салу, ұлттық байлықтың материалды-заттай элементтеріне салынатын капитал салымына қарағанда әлдеқайда жылдам артуда. Сондықтан да бағытты әлеуметтік жағдайға қарай бүрған кезде, қайта бағытталудың мақсаты мен соңғы нәтижесі болып, экономикалық өсудің негізгі көзі мен экономиканың ең негізгі факторы - адами капиталының өсуі ескеріледі.
Халыктың түрақты өмірлік деңгейін қамтамасыз ету, тек таза әлеуметтік міндет қана емес, сонымен бірге әлеуметтік-экономикалық та, яғни мүнда кері байланыс принципінің іс-әрекеті де байқалады: бір жағынан халықтың түрмыс деңгейі, сол елдің экономикалық даму деңгейіне тәуелді болса, ал екінші жағынан тұрғындардың материалдық әл-ауқаттық деңгейінің өзі мемлекеттің экономикалық мүмкіндік дәрежесіне әсерін тигізеді. Соңғысы халық табысын белгілі-бір дәрежеде реттеуге, қүрылып жатқан және жинақталған байлықты әділетті бөлуді қолдауға міндетті. Бүгінгі күнде бөлу заңы мен механизмі «экономикалық теорияның» негізгі сүрақтарының бірі болып табылады. Бүл ҰӨ-ті әлеуметтік реггеудің негізгі функциясын атқарады және қоғамдық өндірістің серпіні мен тиімділігін де анықтайды.
Еліміздегі теңсіздіктің тереңдеуі елеулі дәрежеде ресми кіріс алу мүмкіндіктерін жоғалтудың және осының салдарынан, табыстың негізгі көзі ретіндегі халықтың белсенді түрде өзін-өзі жұмыспен қамтуына көшудің нәтижесі болып табылады. Алайда, ауылдағы өзін-өзі қамту ең алдымен жеке кәсіпкерлік қызметтің дамуын емес, көптеген үй шаруашылықтары үшін ақырғы күнкөріс қүралдарына айналған жеке меншік, ауладағы табиғи ауыл шаруашылығына көшуді білдіреді.
Қазақстан бойынша кедейілік тарауында елеулі айырмашылықтар бар: өңірді орташа еңбекақы деңгейі бойынша саралау жалпы алғанда үш есе, ауыл шаруашылығымен айналысатындардікі екі есе артық (соңғы бірнеше жыл ішінде жалпы алғанда ең жоғары еңбекақы Маңғыстау облысында, ең төменгісі Алматы облысында байқалған; ауыл шаруашылығындағы ең жоғарғы еңбекақы деңгейі Қостанай облысында, ең төменгісі Оңтүстік Қазақстан облысында тіркелген).
Сонымен бір уакытта, жекелеген аумақтардың экономикалық жағдайын жақсартуға айналатыны сирек қүбылыс. Мәселен, Маңғыстау және Атырау облыстарындағы жалпы өңірлік өнім көрсеткіші жан басына шаққандағы ең жоғарылардың бірі болып келгенімен, алайда кедей халықтың, әсіресе ауылдық жердегі, елеулі үлесі тап осы облыстарда.
Сондықтан да, қаржы түрақтылығының жалпы тәртібі бойынша, дағдарыс кезінде де және экономикалық есу кезінде де қаржы ресурстары мен бүларға қарама-қарсы қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктері сәйкес болуы керек.
Қоғамның өлеуметтік-экономикалық қажеттілігін қанағаттандыру дәрежесі, өндірілген жалпы қоғамдық өнімнің көлеміне байланысты. Ұлттық табыстағы әлеуметтік қажеттілік көлеміне шектеу енгізу минималды күнкөріс деңгейін; минималды түтыну бюджеті; түтыну себетінің қүны; еңбек ақы, зейнет ақы, жәрдем ақы және стипендия төлеудің минималды мөлшері сияқты түтынудың әлеуметтік нормативтерін пайдалануды мүқтаж етеді. Инфляциялық жағдайда халықтың өмір сүруінің қажетті әлеуметтік деңгейін сақтап түру үшін еңбек ақы мен әлеуметтік төлемдерге индексация жүргізіледі, өтемдік үстемақылар үсынылады. Мүнымен қатар, халықтың әлеуметтік қажеттілігі мен оны қанағаттандырудың негізі болып табылатын, еңбек ақы түрлері мен жүйелерін салықтык реттеуі, яғни әлеуметгік салық пен жеке түлғалардың табыс салығының ставкасы арқылы түтынуға бағытталған қордың өсімін немесе еңбек ақы төлеудің жалпы қорын реттеуі саналады.
Табыс салығынан босатылған сома ретіндегі «күнкөріс минимумының» үғымы табыс салығын енгізгеннен кейін, көп үзамай пайда болды.
Біздің елімізде күнкөріс минимумын анықтау 20-шы жылдардың соңына қарай жүргізіле бастады. Ол жылдары минималды түтыну бюджеті жыл сайын есептеліп, осының негізінде еңбек ақы төлеудің минималды деңгейі анықталған. Күнкөріс минимумын есептеу тәжірибесі біраз жылдарға тоқтатыльга, оны қайтадан қолдану қажеттілігі тек 60-шы жылдары ғана қайтадан қажет болды. Сол жылдары Қазақстанның еңбек комитетінің еңбекті Ғылыми Зерттеу Институтының минималды түтыну бюджетінің есебі бойынша 1967 жылдан бастап айына минималды жалақыны 60 сомға дейін көбейтуді негіздеді (бүған дейінгі минималды жалақы директивті түрде айына 40 сом деңгейінде болды). Мемлекетпен кепілдендірілген және табыс салығынан босатылған табыс деңгейі, жақсы тамақтануға және барлық коммуналдық қызметті төлеуіне шын мәнісінде жетіп түрды. 1974 жылы түрмыс деңгейі нашарларға арнап, жанүяның әрбір мүшесіне айына 50 сом мөлшерінде минималды жанбасылық табысты бекіткен болатын.
Қазіргі кезде экономикасы дамыған бірқатар елдерде «күнкөріс минимумы» үғымының орнына «кедейілік шегі» көрсеткіші қолдануда. Осы кедейілік шекке сәйкес келетін табыс деңгейі уақыт өте қайта-қайта қарастырылып отырады, мәселен Ұлыбританияда ол - табыс индексациясына байланысты болса, ал АҚШ-та - ол жыл сайын қарастырылады. Қазіргі уақытта, Құрама Штаттарда халықтың шамамен 12-15%-ы кедейілік шегінен төмен деңгейде өмір сүреді, бірақ-та олардың сол төмен деңгейлі табысының өзі, адамның өмір сүруінің негізгі қажеттіліктерін салыстырмалы түрде қамтамасыз ете алады. Осы жерде Дж. Стилицтің халықтың әлеуметтік жағдайына байланысты әділеггі пікірін айта кетуге болады. Ол: «кедейілік индексі халықтың қаншасы одан төмен немесе жоғары екендігін анықтайтын көрсеткіш емес... Кедейілік индексін пайдалану, үкіметтің назарын кедейілік шегінен төмен және одан жоғары түратындарға аударуына мүқтаж етеді. Бүл әрине шығын жағынан қарастырғанда кедейлер санын қысқартудың анағүрлым тиімді тәсілі болғанымен, табысы төмен халықтың осы мәселесін шешу үшін ештеңе істей алмайды [54].
Егерде бізде мәселен ҚР-ның Халык Банкінде қайта қаржыландыру ставкасының шегінде салым бойынша есептелген пайыздарға табыс салығы салынбайтын болса, ал Үлыбританияда Жинақ банкінің пайыздық есебі бойынша алынған тұрақты сомадан - 70 фунтқа дейін табыс салығы салынбайды.
Кез-келген мемлекет өз елінің қаржы жағдайының түрақтылығына, қоғамдық өндірістің тұрақты өсуі негізінде, қаржы ресурстарын үнемі арттыруының арқасында қол жеткізеді. Экономикалық дағдарыс жағдайында, әлеуметтік-экономикалық даму қажеттілігіне арналған қаржы ресурстарының көлемі азаяды. Осының салдарынан көптеген қажеттілік қанағаттандырылмай қалады. Мемлекет бірінші кезекте тұрған тактикалық және стратегиялық міндеттерді бүза отырып, шектелген қаржы көлемін бірінші қажеттіліктегі шығындарды жабуға қарай жүмсайды, яғни алдағы мақсаттарын таңдауына шектеу қойылады. Ал мүндай әрекет, әлеуметтік жағдайды одан да бетер түрақсыздандыра түседі.
Жалпы, салықтар мемлекет табысының негізгі қайнар көзі болғандықтан, мынадай нақты талаптарға сай болуы қажет:
- Салық жүйесінің тұрақты - фискалдық болуы және оның мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуді қамтамасыз етіп түруы;
- Салық жүйесі салық төлеушіге түсінікті және түрақты болуы керек. Салық қүрылымына өзгерістерді жыл басынан енгізу, яғни тауар өндірушілер осы өзгерістерге байланысты қалыптастыруына уақыт беруі;
- Салық салу механизмі барлық меншік түрлерінің шаруашылық субъектілері үшін, олардың қүқықтық-үйымдастырылу формасына қарамастан, бірдей болуы;
- Салық жүйесі әділетті, ал салық жүктемесін салық төлеушілер арасында бірдей бөлу қажет. Біріне көптеп салык салу есебінен, екіншісіне салық жеңілдігін беруге де болмайды;
- Салық жүктемесін төмендету, яғни салық төлеушілердің пайда түсіруіне, ғылыми-техникалық прогресті дамытуына, инвестициялық қызметті жылдамдатуымен байланысты қажетті шығындарды салық салудан босату;
- Салық төлеушілердің мүддесін қорғауды қамтамасыз ету, яғни салықты төлеуші әрдайым дүрыс және заңды түрде салық тәлкегінен қорғалуы қажет;
- Салық салудан қашқақтаудың жариялық және жариялық емес тәсілдерін жою, салық төлемдерінің дүрыстығын тексеретін бақылаудың тиімді жүйесін қүру.
- Өңірдің және жергілікті басқару органдарының бюджетінің кіріс бөлімінің көздері нақты көрсетілуі қажет.
Азаматтардың конституциялық қүқына байланысты әркімнің жеке табысына қарамастан жалпы білімге, жасына байланысты әлеуметтік қамтамасыз етілуіне, мүгедектікке, асыраушы адамын жоғалтуына байланысты, балаларды тууы мен тәрбиеленуіне, жүмыссыздарға және ауруына байланысты тегін дәрігерлік көмекке күкықтары бар. Басқаша айтқанда, әлеуметтік аяда, нарық механизмінің әрекеті әлеуметтік мемлекеттің имандылық принциптерімен шектеледі. Сондықтан да ақылы қызметтерді, әсіресе дәрігерлік және жалпыға білім беруді үйлестіру, халық табысыньщ саралануымен және оның деңгейімен теңестірілуі қажет .
Қазіргі уақытта Қазақстанда минималды материалдық қамтамасыз ету көрсеткішінің орнына, 1992 жылы қысқа мерзімге енгізілген минималды тұтыну бюджетінің күнкөріс минимумы қолданылады. Бірақ та, оның мөлшері мемлекеттің минималды ақшалай табысын алуға беретін кепілдігі мен азаматтарды қорғаудың басқа да әлеуметтік шараларын жүзеге асыруына жетпейді. Соңғы жылдардағы елімізде күнкөріс минимумынан төмен табыс алатын халық саны төмендегі кестеде көрсетілген (кесте 3).
Кесте 3. 1999-200І ж. Қазақстанда күнкөріс минимумынан төмен табыс алатын халық саны
Күнкөріс минимумынан төмен табысты халық | Жылдар | |||
1999 | 2000 | 2001 | ||
Мың адам | 5160,4 | 4736,9 | 4215,0 | |
Жалпы халық санына %-бен | 34,5 | 31,8 | 28,4 | |
Көзі: Уровень жизни населения в Казахстане. Статистический сборник /Под ред. А.А. Смаилова, Алматы, 2002, 268с.
Осы аталған түжырымдамаларды қорыта келгенде, Қазақстан халқының табысын саралау екі бағытта жүргізіледі екен, атап айтатын болсақ, бір жағынан, нарыққа өту, өндіріс қүралдарына деген меншіктің әртүрлі формаларының рөлін түбегейлі өзгертті. Еліміздің басшыларымен таңдалған жеке меншікті жылдамдатьш қалыптастыру бағыты ірі меншік иелерінің шағын бөлігінің жылдық табысының мөлшерін бірнеше жүздеген миллион, миллиард теңгеге жеткізсе, ал халықтың екінші, үлкен бөлігінің өмірлік деңгейі жүргізілген жекешелендірудің арқасында, әсіресе ауылды мекендерде күрт төмендеп кетті. Міне сондықтан да, біздің ойымызша мемлекет халықтың осы екі тобы арсындағы әлеуметтік қайшылықтарға көз жұмбастан, халық табысын негізгі салық әдістері арқылы реттеу қажет.
Қорытынды
Ұдайы өндірістік мүдделерімен байланысты салық жүйесінің эволюциялық, біртіндеп қайта құру аясындағы салық салудың жасалған типологиясы негізігі белгілерімен сәйкес әлеуметтік-экономикалық дамуымен байланысты жалпы жүйелік функцияларды бөлуге мүмкіндік берді. Бұл фискалды, қайта бөлу, реттеуші функциялар және арнайы функцияларды орындайтын жеке салықтар немесе салық топтары.
Салықтар жалпы ішкі өнімді және ұлттық табысты мемлекеттік реттеу мен қайта бөлудің маңызды құралы болып табылады. Салық жүйесінің құрылымы өзгеруде: салықтық алымдарының жалпы сомасындағы жанама салықтардың үлесі артып отыр.
Салық салудың заңдылықтарын және мемлекеттің ақшалай қаражаттарында нақты қажеттіліктерін айқындай отырып, салық ғылымы мемлекеттің салық саясатының қалыптасуына әсер етеді және қоғамға салықтардың мәні мен маңызы жөнінде дұрыс түсініктеме беріп отырады.
Қолданылған әдебиеттер:
- Ермекбаева Б.Ж. Салықтар және салық салу: Оқу құралы. Алматы: Қазақ Университеті, 2003 ж.;
- Караваева И.В. Налоговое регулирование рыночной экономики. Учебное пособие для вузов. Москва: Юнити-Дана, 2000 г.;
- Налоги. Учебное пособие/ Под редакцией Д.Г. Черника. Москва: Финансы и Статистика, 2000 г.;
- Юткина Т.Ф. Налоги и налогообложение. Москва: Инфра-М, 2000;
- Худяков А.И. Налоговое право Республики Казахстан. Общая часть: Учебник- Алматы: « Норма-К»- 2003 г.;
- Байдуйсенов А.Д. Қазақстан салық жүйесіндегі кейбір мәселелер// Финансы Казахстана, № 4, 2001г.
- Назарбаев Н.Ә. Басты мұрат- халықтың әл-ауқатын арттыру// Орталық Қазақстан, 8 сәуір, 2003 ж;
- Кусаинов К.К. Механизмы налогового администрирования// Финансы Казахстана, № 3, 2001 ж;
- Тишин Е. Актуальные проблемы социального развития и пути их решения// Экономист, №4, 1997;
- Уровень жизни населения в Казахстане. Статистический сборник/ Под редакцией А.А. Смаилова. Алматы: 2002 г.