2015 жылы мемлекеттік "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қоры жекешелендірудің екінші толқыны аясында 17 активін сатылымға шығарады.
"2015 жылы "ҚазТрансГаз Аймақ", "Алатау Жарық Компаниясы", "Алматы электро станциясы", "АламатыЭнергоСбыт", "Тегіс Мұнай" және тағы да бірнеше обьектілер сатылады", - деп хабарлады қордың басқарма бастығының орынбасары Елена Бахметова "Жекешелендірудің екінші толқыны: бағдарламаның бірінші қорытындысы және оның экономикалық жағдайдағы перспективалары" атты дөңгелек үстел барысында.
Оның мәліметі бойынша, 2014 жылы жоспарланған 64 активтен 59-ы сатылымға шығарылған. Тағы 5 обьектіні жекешелендіру мерзімі 2016 жылға өзгертілді. Дәл қазіргі сәтте құны 24 млрд теңгеден асатын 24 компания жекешелендірілді.
Е.Бахмутованың сөзінше, сатылмаған активтерді орналастыру мәселесіне байланысты тағы бірнеше нұсқалар қарастырылған. "Егер жайсыз ішкі және сыртқы экономикалық жағдайлар орын алса, қор активтерді игеру мерзімін өзгерту туралы шешім қабылдауы керек. Бұл ретте, Қазақстан үкіметі бейнесіндегі негізгі акционердің мүддесі сақталатын болады", - деді ол.





